Алматы қаласы Білім басқармасының
"Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 2721268
Есепші бөлімі:
+7(727) 2721268
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Директорлық сенбі – ата-ана үні» - ата-аналармен кездесу
22
мамыр
2021

«Директорлық сенбі – ата-ана үні» - ата-аналармен кездесу

Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназияда  «Директорлық сенбі – ата-ана үні» - Жалпы Республикалық ата-аналармен кездесу жиналысы өткізілді.


Жиналыста  гимназия директоры А.М.Ақсерікова   2020-2021 оқу жылының қорытындылап,  пәндік олимпиада мен ғылыми жоба жұмыстары және сыныптан тыс байқаулардағы жетістіктер туралы, түрлі кәсіби байқаулардан 5 ұстаз, республикалық телесабақтар өткізуге үлес қосқан 3 мұғалім, қалалық және республикалық пән олимпиадасының жүлдегерлерін атап өтті.

 Сонымен қатар,  Б.Атыханұлы атындағы №36  гимназияда   26 мамыр- 19 маусым аралығында барлық тілек білдірген білім алушылар үшін ата -аналарының өтініші бойынша оқыту сапасын арттыру және шектеу шаралары кезінде білімдегі жіберілген олқылықтардың орнын толтыру мақсатында  ұйымдастырылып отырған  "Жазғы мектепті" ұйымдастыру тақырыбында  түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  Ата-аналардың сұрақтарына жауап берілді.  Жиналысқа қалалық әдістемелік кабинеттің әдіскері  Турысбекова Алия Кыдыргажиновна қатысты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: