Алматы қаласы Білім басқармасының
"Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 2721268
Есепші бөлімі:
+7(727) 2721268
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Директорлық сенбі – ата – ана үні» онлайн – кездесу
13
ақпан
2021

«Директорлық сенбі – ата – ана үні» онлайн – кездесу

Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия

«Директорлық сенбі - ата-ана үні» онлайн-кездесу

                 Қазақстан Республиксының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында                 Алматы қаласы Білім басқармасы әрбір білім беру ұйымдарына «Директорлық сенбі – ата – ана үні» онлайн – кездесулерін өткізуі туралы шешім қабылдаған болатын.         Кездесудің мақсаты- қашықтан оқыту жағдайында балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу , құқық бұзушылық пен суицидтік мінез – құлықтың алдын алу, сондай – ақ «мектеп – бала - ата- ана» қарым – қатынасы мен өзара ықпалдасуына қатысты психологиялық – педагогикалық қолдау бойынша барлық толғандыратын мәселелерде ата – аналарға пәрменді көмек көрсету. 

         Осы шараны жүзеге асыру мақсатында 2021 жылдың 13 ақпанында  Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназияда  «Директорлық сенбі – ата – ана үні» онлайн кездесуі ұйымдастырылды.Ата – аналарға арналған онлайн – сұхбатқа – директор, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілері, мектеп психологі, әлеуметтік педагог және пән мұғалімдері қатысты. Онлайн-кездесуде мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері, пән мұғалімдері оқушылардың сабаққа қатысуы, үлгерімі, ҰБТ-ға дайындығы және оқушы тәртібіне байланысты өз ойларын айтты.Ал ата-аналар белсенділік танытып, көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алып, өз ұсыныстарын және алғыстарын жеткізді. Кездесу соңында сөз алған гимназия директоры Ақмарал Мағжанқызы жиналысты қорытындылай келіп,  бұл кездесу әр аптаның сенбісінде жалғасын табатындығын айтты. Жиналыс өз дәрежесінде өтті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: