Алматы қаласы Білім басқармасының
"Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 2721268
Есепші бөлімі:
+7(727) 2721268
Нашар көрушілер
нұсқасы
«ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ»
18
наурыз
2024
«ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ»
18наурыз «ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ» 🇰🇿«Ұлттық киімді ұлықтайық»🇰🇿 Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі аясында ұлттық киімді дәріптеу мен ұлықтау мақсатында гимназия ұстаздары мен білім алушылары ұлттық киімдерін киіп келді. Азаматқа айбат, қызға көрік беретін ұлттық киімдерді барша халық кисе, жарасып кетер еді. Біз өз ұлттық киімімізді өзіміз дәріптеу арқылы салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды, рухани құндылықтарымызды әрқашан ұлықтап жүрейік. Наурыз құт - береке әкелсін! Ақ мол болсын!
«Жас музыкант»
01
наурыз
2024
«Жас музыкант»
Сармұрза Нияз – «Жас музыкант» 2024 жылдың ақпан айында Алматыдағы қалалық «Жас музыкант» фестиваль-байқауы өтті. Бұл фестиваль-байқаудың басты мақсаты – балалар тұлғасының рухани мәдениетін қалыптастыру. Классикалық және заманауи өнердің үлгілерін орындау арқылы. Б.Атыхынулы атындағы №36 гимназияның 5 «Б» сыныбының оқушысы Сармұрза Нияз «Виолончель» классы бойынша 2 орынға ие болды. Нияз, жеңісіңмен құттықтаймыз!
Тұманбай оқулары
23
ақпан
2024
Тұманбай оқулары
Алматы қаласы физика математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10жылдық мерей тойына орай , "Алматы дарыны" орталығымен бірлесе ұйымдастырылған қалалық Тұманбай оқуларында гимназиямыздың 11 "Б" сынып оқушысы Тайжан Заңғар бас жүлде иегері атанды. Жетекшісі: Гүлшара Есетқызы
"Мамандық таңдау - болашақты ойлау"
02
ақпан
2024
"Мамандық таңдау - болашақты ойлау"
Бүгін 2024 жылғы 02 ақпан күні Б. Атыханұлы атындағы №36 гимназияда 10 сынып оқушылары арасында мамандық таңдауда дұрыс шешім қабыдауы  үшін "Мамандық таңдау - болашақты ойлау" атты кездесу -тренинг өтті. Кездесуде қазіргі қоғамдағы өте қажетті деп саналып келе жатқан мамандық иелері қонақ бола отырып, оқушыларымыздың дұрыс таңдау жасауына кеңес беріп, өз мамандықтарының қызық та қиын тұстарымен таныстырды. Мысалы, биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Әбдірешов Серік
"Ғаламшарлар қандай болады?"
24
қаңтар
2024
"Ғаламшарлар қандай болады?"
24- қаңтар күні 2"ә" сыныбында жаратылыстану пәнінен Жер және Ғарыш бөлімінен "Ғаламшарлар қандай болады? тақырыбында зерттеу сабағы өтті. Оқушылар бақылау жүргізудің жоспарын құрып,өз жұмыстарын қорғады.Күн жүйесінің ғаламшарларын Венн диаграммасы арқылы ұқсастығы мен айырмашылықтарын салыстырды.Ғаламшарлар қандай болады,қалай қозғалады?Ғарыш кемесінің траекториясын бақылап өз болжамдарын ортаға салды. Ерекше қабілетті оқушылар "өз ғаламшарыңды ойлап тап" шығармашылық жұмысмен бөлісті. Топтық
"Жұмбаққа толы әлем"
24
қаңтар
2024
"Жұмбаққа толы әлем"
Бастауыш сынып кафедрасының онкүндік іс-шарасы аясында 24.01.2024ж 4 "Б" сыныбы әдебиеттік оқу пәнінен "Жұмбаққа толы әлем" .Планетарий тақырыбы бойынша ашық сабақ өтілді.    Сабақ барысында әртүрлі қажетті материалдар,көрнекіліктер мен ресурстарды қолданды.Сондай-ақ әртүрлі  заманауи әдіс-тәсілдер( Wordwall,Canva,Quizziz.com,I2is жасанды интеллект(дубляж-монтаждау) Galaxy Projector) платформаларын қолданды.    Ресурстар: Ғаламшарлар макеті,Спутник,шоқжұлдыздар, Телескоп, Күн жүйесі, Ұшатын
Бір бағыттағы қалып қою қозғалысы"
19
қаңтар
2024
Бір бағыттағы қалып қою қозғалысы"
Бастауыш сынып кафедрасының онкүндігі аясында  4 "А" сыныбында математика пәнінен " Бір бағыттағы қалып қою қозғалысы" тақырыбында өткізілген ашық сабақ.  Пән мұғалім Уразымбетова А.М.
"Білім бәйгесі"
17
қаңтар
2024
"Білім бәйгесі"
Бастауыш сыныптар кафедрасының он күндігі аясында "Білім бәйгесі " тақырыбында сайыс өтті. Әр сыныптан екі озат оқушыдан қатысты.  Сайыстың мақсаты: озат оқушылардың барлық пәндер бойынша білімдерін таразылау. Сайыс соңында  жоғары ұпай жинаған оқушылар дипломдармен марапатталды. Қатысқан барлық оқушыларға ынталандыру сыйлықтары берілді.
Ғылыми жобалар
19
желтоқсан
2023
Ғылыми жобалар
Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың Республикалық Ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінің тіл білімі қазақ тілі секциясы бойынша жүлдегері гимназиямыздың 11сынып оқушысы Амангелді Алтынай III дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Искакова Ұ.М Адам және қоғам секциясы бойынша жүлдегері Б.Атыханұлы атындағы №36гимназияның 10 сынып оқушысы Тасибекова Халима марапатталады . Жетекшісі: Нақысбек Г.Н.