Автор: admin от 26-02-2018, 03:24, посмотрело: 86
Құрметті ата-аналар!
Қазіргі кезде жас ұрпақ арасында нашақорлық пен уытқұмарлық мәселесі күннен-күнге өршіп келе жатқандығына Сіздердің назарларыңызды аударғымыз келеді.
Өз балаңызды зиянды әдеттерден сақтағыңыз келе ме? Онда біздің беретін бірер кеңесімізді оқыңыз:
Себептердің бірі – қызығушылық, өзіне беймәлім әсер алғысы келу болса, екіншісі – белгілі бір топқа қосылу. «Ұмыту» және өмірден рахат алу сезімі жасөспірімді нашақорлыққа жиі итермелейді. Ата-аналар көбіне баласының есірткі және уытты заттарды пайдаланатындығын кенеттен және кеш байқайды, дегенмен баланың мінез-құлқындағы өзгерістерді ертерек байқауға әбден болады. Жасөспірім тұйықталып, ата-анасынан өзін аулақ ұстауға тырысады, телефон арқылы құпия әңгімелер айта бастайды, ескі достары мен оқитын орнын қоса алғанда бұрын айналысқан шаруалары оған қызықсыз болады. Оқуға деген ынтасы төмендеп, уйінен бірнеше күнге жоғалып кетеді, тәрбиеге көнбей, ашуланшақ бола бастайды. Мінез-құлқы тез өзгеріп, көңілсіздік пен енжарлық пайда болады.Интеллектуалдық дамуыныңтөмендегені, түрлі жүйелерінің қызметінің бұзылуы байқалады. Киімі алқа-салқа болып, қалталарынан банкалар, шприцтер, инелер, таблеткалар табылады.Жасөспірімнің қаржы шығыны көбейіп, үйден заттар жоғала бастайды.
Сіз осылардан сақтанғаныңыз жөн!!!!
Сіз ПБЗ қабылдайтын баланың мінез – құлқындағы симпомдармен және сыртқы белгілерімен таныса аласыз:
Симптомдары:
- баяу реакция, ұйқышылдық, түсініксіз сөйлеу,селқостық, еңбекке деген ынтасының төмендеуі немесе шамадан тыс белсенділік таныту, координацияның нашарлауы, ашушаңдық, бет әлпетіндегі мәңгүрттік, көз жанарының үлкеюі немесе керісінше кішіреюі, тәбетінің артуы, елестер көре бастауы, өзіне көңілі толып, жеңілместей сезінуі.
Сыртқы белгілері:
- темекі иісі(түтіні), қалталарындасіріңке, тұтатқыш, шылым ұнтағының, желім құтыларының, папирос қағазының,ақ кристалл ұнтақтың, шыны ыдыстарда немесе полиэтилен пакеттерде кішірек тас тәріздес үзімдердің болуы, тері асты инъекциясына арналған шприцтер мен инелердің, күйдірілген бөтелке қақпағы немесе күйдірілген қасықтың, шырақтың, ұстара жүзінің болуы, саусақтарының сарғаюы, мас адамның кейпі, көздерінің астындағы қызарған ісіктер, жанған жапырақтардың қатты иісі, киім қыртыстары мен қалта тігістерінде ұсақ дәндердің болуы, саусақ терісінің түссізденуі сақтануды қажет етеді.
Асығыс шешім қабылдамай тұрып, алдымен мамандармен (наркологпен, психотерапевтпен, психологпен) бірлесе отырып, профилактикалық іс-шаралар жүргізген дұрыс.
Қалалық наркологиялық медициналық-әлеуметтік түзету орталығының сенім телефоны
382-34-19
Наркологтың, психотерапевтің, психологтың консультациясын Сіз Мақатаев көшесі, 10-үй , 1-қабаттағы емханалық бөлімшенің №2, 10,11- кабинеттерінен ала аласыз
Категория: Родителям
Автор: admin от 24-02-2018, 17:08, посмотрело: 80
Категория: Традиция школы
Автор: admin от 23-02-2018, 16:01, посмотрело: 76
Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназияда 23 - ақпан күні қала көлемінде семинар өтті. Семинар барысында деңгейлік курс бітірген тәжірибелі мұғалімдер ашық сабақтар мен мастер класс көрсетті. Атап өтер болсақ, бастауыш сынып мұғалімі Тантаева Қарлығаш 2 "ә" сынып оқушыларымен қазақ тілі пәнінен "Жалқы есім және жалпы есім" тақырыбында ашық сабақ жүргізді. Ағылшын тілі пәні мұғалімі Темірбекова Дина 9 сынып оқушыларымен ағылшын тілі пәнінен "Choosing schools" тақырыбында сыныптан тыс жұмыс өткізді. Қазақ тілі пәні мұғалімі Иманбаева Майгүл 5 сынып оқушыларымен Б.Соқпақбаев "Менің атым - Қожа" тақырыбында мастер класс жүргізді.
Категория: Традиция школы
Автор: admin от 12-02-2018, 11:02, посмотрело: 100
Мектеп — білім ошағы, тәрбие ортасы, тағылым табалдырығы. Осы ұлағатты ұяда жоғары ізгілік мұраттарының ең құндысы рухани-адамгершілік тәрбие берудің ошағы «Өзін-өзі тану» пәні десек қателеспейміз. Ал өзіңді алға қарай жетілдіру және бойыңда жақсы мінез-құлық қалыптастыруда ең алдымен өз-өзіңнен басталатыны хақ. Өйткені, өзіңнің кім екеніңді, қандай екеніңді білмесең, жетілдіру тәрбиесінің қай бағытта жүретінін және қандай мінез-құлықын дамыту қажеттігін білу қиын. Еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның бастамасымен білім беру үрдісіне енгізілген рухани-адамгершілік тәрбиеге күш берген «Өзін-өзі тану» бағдарламасы осы рухани-адамгершілік тәрбиеден бастау алып, жан-жақты жетілген тұлғаны дамытуды қолдайды.
Категория: Традиция школы
Автор: admin от 8-02-2018, 04:53, посмотрело: 119
Автор: admin от 8-02-2018, 01:54, посмотрело: 570
Категория: Школьникам, О школе, фотогалерея
Автор: admin от 8-02-2018, 01:54, посмотрело: 99
Категория: Школьникам, О школе, фотогалерея
Автор: admin от 8-02-2018, 01:54, посмотрело: 122
Категория: Школьникам, О школе, фотогалерея
Автор: admin от 6-01-2018, 09:53, посмотрело: 696
Категория: Отчет о доходах и расходах