Алматы қаласы Білім басқармасының
"Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 2721268
Есепші бөлімі:
+7(727) 2721268
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алматы қаласы Әкімінің арнайы грантын беру туралы байқау
25
наурыз
2021

Алматы қаласы Әкімінің арнайы грантын беру туралы байқау

қосымша

Алматы қаласы Әкімінің арнайы грантын беру туралы

байқауға қатысуға

ӨТІНІМ


Мені арнайы грант беру туралы байқауға   қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

____________________________________________(грант түрін атап көрсету)

Өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын:


1.

Аты, тегі, әкесінің аты



2

Туған күні, айы, жылы 



3.

Жұмыс орны, қызметі



4

Педагогикалық еңбек өтілі



5.

Қызметтік еңбек өтілі



6

Білімі ( оқу орнының атауы,факультеті, мамандығы, бітірген уақыты)


7

Соңғы аттестациядан өту мерзімі,

біліктілік санаты


8

Мекенжайы



9

Жеке куәлігінің деректері

(№, қашан, кім берді, ЖСН)


10

Байланыс телефоны

(ұялы телефон)


11

Марапаттау туралы мәліметтер

(тек мемлекеттік, ведомстволық-қалалық және республикалық марапаттар)


12

Үміткерді ұсыну 


(ұжымның педагогикалық кеңесі шешімін немесе  өзін-өзі ұсынушының   хаттамасын көрсету)


Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар _____ парақ

Өтінімді толтыру күні______________________________

Байқауға қатысушының қолы___________________



                                                                       2- қосымша

Алматы қаласы Әкімінің арнайы грантын беру туралы байқауға

қатысушының портфолиосы


  1. Барлық номинациялар үшін ортақ педагогтің кәсіби құзыреттілігін растайтын құжаттар:
  2. Мұғалімнің жеке куәлігі (көшірмесі);
  3. Жұмыс орны бойынша расталған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;
  4. Білімі туралы дипломы (көшірмесі);
  5. Сертификаттар, біліктілігін арттыру туралы куәлік (көшірмесі);
  6. Баспаға берілген жұмыстар, мақалалар, шеберлік сыныптарының әзірлемелері;
  7. Номинация бойынша бейнеролик (қосымшаға сәйкес номинацияны көрсету);
  8. Номинация бойынша эссе  (қосымшаға сәйкес номинацияны көрсету).


Үміткерлерді ұсыну өтінімде тіркеледі, педагогикалық кеңес портфолиоға ұсынған кезде педагогикалық кеңес хаттамасының көшірмесі салынады.

   Бейнероликтің мазмұны монолог жанрында ұсынылған тақырып бойынша қатысушының жеке көзқарасы мен ойын көрсетеді.

Бейнероликке қойылатын талаптар:

Форматы: DVD, MPEG4, минималдық мөлшері-720х480 (12:8см), ұзақтығы –

1 минут, байқауға қатысушының атымен рәсімделген.

Роликті түсіру және монтаждау кезінде арнайы бағдарламалар мен құралдар, фотосуреттер, бейнефрагменттер, фондық музыка қолдануға болады. Байқауға бөгде адамдардың қадір-қасиетін және сезімін қорлайтын, тақырыпқа сәйкес келмейтін жарнамалық сипаттағы роликтер қабылданбайды.

Эссе мазмұны ( А4 форматтағы 1- бет Times New Roman, интервалы бір) таңдалған номинацияның мазмұнын, оны таңдау себептерін және мұғалімнің жетістіктерін көрсететіндей деңгейде жазылуы керек.



Орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері 7 грант номинациясы бойынша


1. «Шығармашылық және шеберлік» арнайы гранты

Білім беру үрдісін ұйымдастыру мен жетілдіруде жоғары көрсеткіштерге, тұлғаның зияткерлік, мәдени және адамгершілік дамуын қалыптастыруға байланысты жетістіктері. Номинацияға сәйкес педагогикалық қызметтің нәтижелілігін растайтын құжаттары (соңғы үш жыл бойынша):

  1. Оқушылардың білім мониторингі - білім сапасының өсуінің оң динамикасы;
  2. Ізденушінің педагогикалық жүктемесі 1 ставкадан кем емес екендігі туралы директор растаған білім беру ұйымының анықтамасы;
  3. Оқушы дипломдарының көшірмелері – оқу пәні бойынша қалалық олимпиадалар, ғылыми жұмыстар, ғылыми-практикалық конференциялар;
  4. Оқушы дипломдарының көшірмелері –   оқу пәні бойынша республикалық олимпиадалар, ғылыми жұмыстар, ғылыми-практикалық конференциялар;
  5. Оқушы дипломдарының көшірмелері – оқу пәні бойынша халықаралық олимпиадалар, ғылыми жұмыстар, ғылыми-практикалық конференциялар;

- ұйымдастырушы мемлекеттік ведомстволық органдар болып табылады.

6) Жоғарыда көрсетілген олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздарын дайындағаны туралы педагогикалық тәжірибені   таратқанын растайтын материалдар: педагогтерге тәлімгерлік көмек көрсету (қаланың білім беру ұйымдары, республика педагогтері, халықаралық қоғамдастық педагогтері) семинарлар, тренингтер, шеберлік сағаттар (көшірмесі);

7) Оқыту мен тәрбиелеудің заманауи педагогикалық технологияларын пайдаланғанын растайтын материалдар: оқу-тәрбие үрдісінде мемлекеттік білім беру мен әлеуметтік жобаларды, педагогикалық технологияларды енгізу бойынша жұмыстарын дәлелдейтін анықтамалар;

8) Алматы қаласы Білім басқармасының қалалық білім берудегі жаңа технологиялар ғылыми-әдістемелік орталығының сараптама кеңесімен бекітілген әдістемелік әдебиеттерді әзірлеу;

9) Қалалық және республикалық басылымдардағы мақалалары.

Ізденушінің кәсіби шеберлігін бағалайтын құжаттар:

10) мемлекеттік және ведомстволық   марапаттар, грамоталар;

11) ғылыми, педагогикалық қоғамдастық өкілдерінің пікірлері;

12) оқушылардың және бітірушілердің пікірлері.


  1. «Өзін өзі тану және шығармашылық ізденіс» арнайы гранты


     Білім алушылардың білім сапасын арттыру мақсатында оқу-тәрбие үрдісінде шығармашылық жұмыстарына байланысты жетістіктері. 

Номинацияға сәйкес (соңғы үш жылда) қала және республика бойынша  білім беруді дамытуға қосқан жеке үлесі мен педагогикалық қызметтің нәтижелілігін растайтын құжаттар):

      1) оқушылардың білім мониторингі - білім сапасының өсуінің оң динамикасы;

2) ізденушінің педагогикалық жүктемесі 1 ставкадан кем емес екендігі туралы директор растаған білім беру ұйымының анықтамасы;

3) қалалық деңгейде авторлық және элективтік курстар бағдарламаларын әзірлеу және енгізу;

4) республикалық деңгейде авторлық және элективтік курстар бағдарламаларын әзірлеу және енгізу;

5) халықаралық деңгейде авторлық авторлық және элективтік курстар бағдарламаларын әзірлеу және енгізу;

6) өзіндік оқыту технологиясын әзірлеу;

7) Алматы қаласы Білім басқармасының қалалық білім берудегі жаңа технологиялар ғылыми-әдістемелік орталығының сараптама кеңесімен бекітілген әдістемелік әдебиеттерді әзірлеу;

8) білім берудің жаңартылған мазмұнына көшу жағдайында оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сараптауға қатысу;

9) республикалық деңгейде бекітілген және ұсынылған оқулықтар мен әдістемелік құралдарды, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеуге және енгізуге қатысу;

10) республикалық деңгейде бекітілген және ұсынылған әдістемелік құралдарды, графикалық органайзерлерді, тарихи карталарды және басқа да әдебиеттерді әзірлеу бойынша баспалармен ынтымақтастық;

11) халықаралық деңгейде ұсынылған әдістемелік әдебиетті әзірлеу;

12) қалалық және республикалық басылымдардағы мақалалары;

13) педагог қызметкердің шығармашылық байқауларға, қашықтықтан өтетін олимпиадаларға қатысқаны туралы дипломдары мен грамоталарының көшірмелері;

14) мемлекеттік және ведомстволық   марапаттар, грамоталар;

15) ғылыми, педагогикалық қоғамдастық өкілдерінің пікірлері;

16) оқушылардың және бітірушілердің пікірлері.


  1. «Идеялар генераторы» арнайы гранты

       Пәнге, атап айтқанда, жалпы оқу үрдісіне танымдық қызығушылығын арттыру мақсатында дәстүрлі емес форматта сабақ ұйымдастыру, өткізуге байланысты жетістіктері.

Номинацияға сәйкес қаладағы және республикадағы білім беруді дамытуға қосқан жеке үлесі мен педагогикалық қызметінің нәтижелілігін растайтын құжаттар (соңғы 3 жыл бойынша):

     1) оқушылардың білім мониторингі - білім сапасы өсуінің оң динамикасы;

2) ізденушінің педагогикалық жүктемесі 1 ставкадан кем емес екендігі туралы директор растаған білім беру ұйымының анықтамасы;

3) білім алушылардың қалалық деңгейдегі шығармашылық ізденісіне басшылық ететін шығармашылық конкурстарға, фестивальдарға, көрмелерге (оқылатын пән аясында) қатысқаны үшін берілген дипломдары мен грамоталарының көшірмелері;

4) республикалық деңгейдегі білім алушылардың шығармашылық ізденуіне басшылық ететін шығармашылық байқауларға, фестивальдарға, көрмелерге (оқытылатын пән шеңберінде) қатысқаны туралы педагог дипломдарының және грамоталарының көшірмелері;

5) халықаралық деңгейдегі білім алушылардың шығармашылық ізденуіне басшылық ететін шығармашылық конкурстарға, фестивальдарға, көрмелерге (оқытылатын пән шеңберінде) қатысқаны үшін педагог дипломдарының және грамоталарының көшірмелері;

6) білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында ізденушінің авторлығын растайтын (оқу материалының жүйесіндегі 50-ден кем емес әзірлемелер) сабақта білім алушылардың шығармашылық ізденісі   бойынша қазіргі заманғы сабақтың әдістемелік әзірлемелеріне берілген сертификаттар мен куәліктер;

7) оқу пәні немесе зерттеу тақырыбы аясында ғылыми және шығармашылық байқаулардың, фестивальдардың, зерттеу жұмысының нәтижелері бойынша  жүлдегер оқушылардың дипломдары мен грамоталарының көшірмелері;

8) баспа жұмыстарының, мұғалім мен оқушының шығармашылығы туралы мақалалардың көшірмелері;

Мұғалімнің кәсіби шеберлігін бағалауды растайтын құжаттар:

9)  мемлекеттік және ведомстволық  марапаттар, грамоталар;

10) ғылыми, педагогикалық қоғамдастық өкілдерінің пікірлері;

11) оқушылардың және бітірушілердің пікірлері.


  1. «Тамаша мұғалім ата-аналар көзімен» арнайы гранты

           Білім алушылардың білім сапасын және пәнге деген танымдық қызығушылығын арттыру мақсатында сабақты ұйымдастыру мен өткізуге байланысты жетістіктері.

Номинацияға сәйкес қала және республика бойынша  білім беруді дамытуға қосқан жеке үлесі мен педагогикалық қызметінің нәтижелілігін растайтын құжаттар (соңғы үш жыл бойынша):

      1) оқушылардың білім мониторингі - білім сапасының өсуінің оң динамикасы;

2) ізденушінің педагогикалық жүктемесі 1 ставкадан кем емес екендігі туралы директор растаған білім беру ұйымының анықтамасы;

3) ҰБТ нәтижесі;

4) қалалық олимпиаданың, оқушылардың ғылыми жарыстарының, шығармашылық байқаулардың, оқу пәні және  тәрбие жұмысы бойынша фестивальдардағы жүлдегер оқушылардың  дипломдарының көшірмелері;

5) республикалық олимпиаданың, оқушылардың ғылыми жарыстарының, шығармашылық байқаулардың, оқу пәні және   тәрбие жұмысы бойынша фестивальдардағы жүлдегер оқушылардың  дипломдарының көшірмелері;

6) халықаралық олимпиаданың, оқушылардың ғылыми жарыстарының, шығармашылық байқаулардың, оқу пәні мен  тәрбие жұмысы мәселелері бойынша фестивальдардағы жүлдегер оқушылардың  дипломдарының көшірмелері;

- ұйымдастырушылар: мемлекеттік, жетекші органдар, ЖОО, қоғамдық ұйымдар және т. б.

Мұғалімнің және оқушылардың ата-аналарының шығармашылық қарым-қатынасына байланысты жетістіктері:

7) үйірмелер, студиялар ұйымдастыру, олардың қызметінің нәтижелілігі туралы фотоесеп, видеотұсаукесер;

8) ата-аналармен қарым-қатынаста, оқу және сабақтан тыс іс-әрекеттерінде білім алушылардың бейіндік және кәсіби даярлығын жүзеге асыру туралы ата-аналардың  пікірлері;

9) ата-аналарға баланы тәрбиелеуде педагогикалық көмек көрсету (жеке, топтық консультациялар, аудиенциялар) - ата-аналардың пікірлері, әдістемелік әзірлемелер, ұсынымдар;

10) мұғалімнің жұмысы және оның қызметін бағалау туралы педагогикалық кеңестің хаттамасы;

11) Алматы қаласы Білім басқармасының қалалық білім берудегі жаңа технологиялар ғылыми-әдістемелік орталығының сараптама кеңесімен бекітілген әдістемелік әдебиеттерді әзірлеу;

12) қалалық және республикалық басылымдардағы мақалалары;

13) мемлекеттік және ведомстволық   марапаттар, грамоталар;

14) ғылыми, педагогикалық қоғамдастық өкілдерінің пікірлері;

15) оқушылардың және бітірушілердің пікірлері.



  1. «Педагогикалық әулетті жалғастырушы» арнайы гранты


Номинацияға қатысу үшін міндетті талап - педагогикалық династияда педагогтердің кемінде үш ұрпағы болуы тиіс.

Мәліметтер мен құжаттық материалды ұсыну:

  1. әулеттің жалпы педагогикалық өтілі туралы ізденуші жұмыс істейтін білім беру ұйымының анықтамасы;
  2. педагогикалық әулеттің шынайы тарихи бастаулары мен әрбір ұрпақтың жетістіктері: отбасылық фотосуреттерін, құжаттарын және т. б. міндетті түрде пайдалана отырып, тарихи очерк, есеп, бейнетұсаукесер ресімделуі тиіс;

Педагогикалық қызметтің нәтижелілігін және қала мен республика бойынша білімнің дамуына әулеттің жалғастырушысының жеке үлесін растайтын құжаттар (соңғы үш жыл бойынша):

       1) оқушылардың білім мониторингі - білім сапасының өсуінің оң динамикасы;

  2) ізденушінің педагогикалық жүктемесі 1 ставкадан кем емес екендігі туралы директор растаған білім беру ұйымының анықтамасы;

  3)   қалалық олимпиаданың, оқушылардың ғылыми жарыстарының, шығармашылық байқаулардың, оқу пәндері бойынша фестивальдардың және  тәрбие жұмысы бойынша жүлдегер оқушылардың дипломдарының көшірмелері;

  4) республикалық олимпиаданың, оқушылардың ғылыми жарыстарының, шығармашылық конкурстардың, оқу пәндері бойынша фестивальдардың және  тәрбие жұмысы бойынша жүлдегер оқушылардың дипломдарының көшірмелері;

   5) халықаралық олимпиаданың, оқушылардың ғылыми жарыстарының, шығармашылық конкурстардың, оқу пәндері бойынша фестивальдардың және  тәрбие жұмысы бойынша жүлдегер оқушылардың дипломдарының көшірмелері;

- ұйымдастырушылар: мемлекеттік, жетекші органдар, ЖОО, қоғамдық ұйымдар және т. б.

6) білім алушыларды қалалық деңгейдегі шығармашылық ізденістерге бастайтын ғылыми жобаларға, шығармашылық байқауларға, фестивальдарға (оқытылатын пән аясында) қатысқаны үшін педагогтің дипломдары мен грамоталарының көшірмелері;

7) білім алушылардың республикалық   деңгейдегі шығармашылық ізденістерге бастайтын ғылыми жобаларға, шығармашылық байқауларға, фестивальдарға (оқытылатын пән аясында) қатысқаны үшін педагогтің дипломдары мен грамоталарының көшірмелері;

8) Алматы қаласы Білім басқармасының қалалық білім берудегі жаңа технологиялар ғылыми-әдістемелік орталығының сараптама кеңесімен бекітілген әдістемелік әдебиеттерді әзірлеу;

9) қалалық және республикалық басылымдардағы мақалалары;

10) жаңартылған білім беру мазмұнына көшу жағдайында оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді, тест тапсырмаларын сараптауға қатысу;

11) ата-аналарға бала тәрбиелеуде педагогикалық көмек көрсету (жеке, топтық консультациялар, аудиенциялар) - ата-аналардың пікірлері, әдістемелік әзірлемелер, ұсынымдар;

Педагогикалық әулеттің, ізденушінің кәсіби шеберлігін бағалауын растайтын құжаттар:

12) мемлекеттік және ведомстволық   марапаттар, грамоталар;

13) ғылыми, педагогикалық қоғам өкілдерінің пікірлері;

14) оқушылардың және бітірушілердің пікірлері.


  1. «Саламатты өмір салтын қалыптастыру» арнайы гранты


Номинацияға қатысу үшін міндетті шарт- бала денсаулығын сақтауда ізденушінің оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруы;

  1. Бала денсаулығын сақтау туралы кемінде үш жыл жұмыс істеу (материалдар, есептер, фотоесептер);
  2. үш жыл ішіндегі оқу-тәрбие үрдісі нәтижесінің мониторингі;
  3. саламатты өмір салтын қалыптастыру, ынталандыру мен тарату бойынша мектептің мақсатты бағдарламасын әзірлеу және жұмыс істеу;
  4. оқу-тәрбие үрдісіне қалалық деңгейде денсаулық сақтау әдістемелерді енгізу мен зиянды әдеттердің алдын алу бойынша авторлық бағдарламаларды әзірлеу және енгізу;
  5. оқу-тәрбие процесіне республикалық   деңгейде денсаулық сақтау әдістемелерін енгізу мен зиянды әдеттердің алдын алу бойынша авторлық бағдарламаларды әзірлеу және енгізу;
  6. өзіндік оқыту технологиясын әзірлеу;
  7. Алматы қаласы Білім басқармасының қалалық білім берудегі жаңа технологиялар ғылыми-әдістемелік орталығының сараптама кеңесімен бекітілген әдістемелік әдебиеттерді әзірлеу;
  8. СӨС қалыптастыру бойынша педагогикалық тәжірибені қорыту мен таратуды растайтын материалдар: педагогтерге тәлімгерлік көрсету (білім беру ұйымдары, қаланың білім беру ұйымдары, республика педагогтері, халықаралық қоғамдастық педагогтеріне ) - семинарлар, тренингтер, шеберлік сағаттар өткізу (көшірмелері);
  9. қалалық деңгейдегі оқушылардың ғылыми жарыстарының, шығармашылық байқаулардың , саламатты өмір салтын қалыптастыру бойынша фестивальдардың,  спорттық жарыстардағы  жеңімпаз оқушылардың  дипломдарының көшірмелері;
  10. республикалық деңгейдегі оқушылардың ғылыми жарыстарының, шығармашылық байқаулардың , саламатты өмір салтын қалыптастыру бойынша фестивальдардың,  спорттық жарыстардағы  жеңімпаз оқушылардың  дипломдарының көшірмелері;


  1. халықаралық  деңгейдегі оқушылардың ғылыми жарыстарының, шығармашылық байқаулардың , саламатты өмір салтын қалыптастыру бойынша фестивальдардың,   спорттық жарыстардағы  жеңімпаз оқушылардың  дипломдарының көшірмелері.


  • Ұйымдастырушылар: мемлекеттік, жетекші органдар, ЖОО, қоғамдық ұйымдар және т. б.


  1. «Саламатты тамақтану мектебі» республикалық жоба аясында мұғалімнің жұмысы;
  2. қалалық және республикалық басылымдардағы мақалалары;
  3. саламатты өмір салтын қалыптастыру бойынша тәрбиелік жұмысқа тартылған ата-аналардың пікірлері;
  4. ізденушінің оқу педагогикалық жүктемесі 1 ставкадан кем емес екендігі туралы директор растаған білім беру ұйымының анықтамасы;

Педагогикалық ізденушінің кәсіби шеберлігін бағалауды растайтын құжаттар:

  1. мемлекеттік және ведомстволық   марапаттар, грамоталар;
  2. ғылыми, педагогикалық қоғам өкілдерінің пікірлері;
  3. оқушылардың және бітірушілердің пікірлері.


7.«Инклюзивті балалармен жұмыс істеуге қол жеткізу» арнайы гранты


Байқау  номинациясына пән мұғалімдері, педагог-психологтер, дефектолог-мұғалімдер, тьюторлар, ресурстық орталықтардың әдіскерлері, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыста жетістіктері бар білім беру ұйымдарының басшылары қатыса алады.

Номинацияға сәйкес қаланың және республиканың инклюзивті білім беруді дамытуға қосқан жеке үлесі және педагогикалық қызметтің нәтижесін растайтын құжаттар (соңғы үш жыл бойынша):

  1. ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқытуға арналған кабинеттің, қажетті әдістемелік әдебиеттің, курстық дайындықтан өткендігі туралы сертификаттарының болуы;
  2. Алматы қаласы Білім басқармасының білім берудегі жаңа технологиялар ғылыми-әдістемелік орталығының қалалық білім беру басқармасының сараптау кеңесімен бекітілген авторлық және бейімделген бағдарламаларын, әдістемелік ұсынымдарды, әдістемелік әдебиеттерді әзірлеу;
  3.  инклюзивті білім беруді іске асыру жағдайында заманауи мектептің жұмыс моделін әзірлеу;
  4. инклюзивті білім беруді іске асыру бойынша педагогикалық тәжірибені жинақтауын және таратуын растайтын материалдар: педагогтерді ( білім беру ұйымдары, қаланың білім беру ұйымдары, республика педагогтері, халықаралық қоғамдастық педагогтері) оқыту және тәлімгерлігі бойынша семинарлар, тренингтер, шеберлік сағаттар;
  5. оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі заманғы педагогикалық технологияларын пайдалануды растайтын материалдар: оқу-тәрбие үрдісінде мемлекеттік білім беру мен әлеуметтік жобаларды, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу үшін педагогикалық технологияларды енгізу жөніндегі жұмысын растайтын анықтамалар;
  6. Алматы қаласы Білім басқармасының қалалық білім берудегі жаңа технологиялар ғылыми-әдістемелік орталығының сараптама кеңесімен бекітілген нәтижелілікке мүдделі балалармен, ата-аналармен және әлеуметтік өкілдермен жұмыс істейтін мамандардың өзара іс-әрекеті арқылы инклюзивті білім беру үдерісін әдістемелік әдебиетті, әдістемелерді, психологиялық-педагогикалық қолдауды әзірлеу;
  7. қалалық және республикалық басылымдарда мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істеудегі жетістіктері туралы мақалалары;

Ізденушінің кәсіби шеберлігін бағалауды растайтын құжаттар:

        8)    мемлекеттік және ведомстволық  марапаттар, грамоталар;

        9)    ғылыми, педагогикалық қоғам өкілдерінің пікірлері;

  1.  ата-аналардың   пікірлері.





Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілері-2 грант


  1. «Өз ісінің шебері» арнайы гранты

        Балалардың білімін, дағдыларын ертерек қалыптастыру мақсатында тәрбие-білім беру үдерісін ұйымдастыруда шығармашылықты  қамтамасыз ету және жоғары көрсеткіштеріне байланысты жетістіктер (соңғы үш жыл бойынша):

  1. оқушылардың білім мониторингі - білім сапасының өсуінің оң динамикасы;
  2. қалалық деңгейдегі балалардың бастапқы білімін, шеберлігі мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында тәрбие-білім беру үрдісін ұйымдастырудың педагогикалық тәжірибесін жинақтау мен таратуды растайтын материалдар: тәрбиешілерге тәлімгерлік және  оқыту семинарлары, тренингтер, шеберлік сағаттар (көшірмелері);
  3. республикалық деңгейдегі балалардың бастапқы білімін, шеберлігі мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында тәрбие-білім беру үрдісін ұйымдастырудың педагогикалық тәжірибесін жинақтауды және таратуды растайтын материалдар:тәрбиешілерге тәлімгерлік және  оқыту семинарлары, тренингтер, шеберлік сағаттар (көшірмелері);
  4. қалалық қоғамдастық деңгейіндегі балалардың бастапқы білімін, шеберлігі мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында тәрбие-білім беру процесін ұйымдастырудың педагогикалық тәжірибесін жинақтауды және таратуды растайтын материалдар:тәрбиешілерге тәлімгерлік және   оқыту семинарлары, тренингтер, шеберлік сағаттар (көшірмелері);
  5. қалалық деңгейде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша авторлық бағдарламаларды әзірлеу және енгізу;
  6. республикалық деңгейде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша авторлық бағдарламаларды әзірлеу және енгізу;
  7. халықаралық деңгейде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша авторлық бағдарламаларды әзірлеу және енгізу;
  8. өзіндік оқыту технологиясының негіздерін әзірлеу,
  9. Алматы қаласы Білім басқармасының қалалық білім берудегі жаңа технологиялар ғылыми-әдістемелік орталығының сараптама кеңесімен бекітілген әдістемелік әдебиеттерді әзірлеу;
  10. мектепке дейінгі мекемелердің педагогикалық қызметкерлердің қалалық деңгейдегі шығармашылық байқауларына, қашықтықтан өтетін олимпиадаларға қатысу (дипломдар мен грамоталардың көшірмелері);
  11. мектепке дейінгі мекемелердің педагогикалық қызметкерлердің республикалық деңгейдегі шығармашылық байқауларға, қашықтықтан өтетін олимпиадаларға қатысу (дипломдар мен грамоталардың көшірмелері);


Ізденушінің кәсіби шеберлігін бағалауды растайтын құжаттар:

    12)    мемлекеттік және ведомстволық  марапаттар, грамоталар;

    13)    ғылыми, педагогикалық қоғам өкілдерінің пікірлері;

 14)     ата - аналардың жұмыстың нәтижелілігі туралы пікірлері.


  1. «Креативті және шығармашыл педагог» арнайы гранты


Баланың жеке қасиеттерін дамыту мақсатында дәстүрлі емес форматта оқу іс-әрекетін ұйымдастыру мен өткізуге шығармашылық және креативті көзқарасқа байланысты жетістіктері (соңғы үш жыл бойынша).

  1. баланың жеке қасиеттерін арттыру мен шығармашылық ізденуге бастамашылық ететін қалалық деңгейдегі ғылыми жобаларға, шығармашылық конкурстарға, фестивальдарға қатысқаны үшін берілген тәрбиешінің дипломдары мен грамоталарының көшірмелері;
  2. баланың жеке қасиеттерін арттыру мен шығармашылық ізденуге бастамашылық ететін республикалық  деңгейдегі ғылыми жобаларға, шығармашылық конкурстарға, фестивальдарға қатысқаны үшін берілген тәрбиешінің дипломдары мен грамоталарының көшірмелері;
  3. Алматы қаласы Білім басқармасының қалалық білім берудегі жаңа технологиялар ғылыми-әдістемелік орталығының сараптама кеңесі ұсынған тәрбие-білім беру үдерісіндегі табысқа жеткенін дәлелдейтін вариативті компонент бойынша  әдістемелік құралдарды әзірлеу;
  4. республикалық деңгейде ұсынылған тәрбие - білім беру процесінде жетістік жағдайын жасауды дәлелдейтін вариативті компоненттің авторлық бағдарламаларын, жеке әдістемелік құралдарын әзірлеу;
  5. біліктілігін арттыру бойынша сертификаттар;
  6. мектепке дейінгі балалар арасындағы тәрбие-білім беру үдерісінің нәтижелілігін арттыру бойынша қалалық және республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда баяндама жасағаны туралы сертификаттар;
  7. ата - аналардың жұмыстың нәтижелілігі туралы пікірлері.

Ізденушінің кәсіби шеберлігін бағалауды растайтын құжаттар:

  1. мемлекеттік және ведомстволық   марапаттар, грамоталар;
  2. ғылыми, педагогикалық қоғам өкілдерінің пікірлері.



Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері -1 грант


«Өз ісінің шебері» арнайы гранты


Номинацияға сәйкес қала және республикада   білім беруді дамытуға қосқан жеке үлесі мен педагогикалық қызметінің нәтижелілігін растайтын құжаттар (соңғы үш жыл бойынша) :

1)оқушылардың білім мониторингі - білім сапасының өсуінің оң динамикасы;

2) соңғы үш жылдағы тәрбие жұмысының жетістіктерінің мониторингі;

3) қалалық олимпиада, кәсіби шеберлік конкурстары, конференциялар және өзге де іс-шаралар жүлдегерлерінің дипломдарының көшірмелері;

4) республикалық олимпиада, кәсіби шеберлік конкурстары, конференциялар және өзге де іс-шаралар жүлдегерлерінің дипломдарының көшірмелері,

5) аймақтық олимпиада, кәсіби шеберлік конкурстары, конференциялар және өзге де іс-шаралар жүлдегерлерінің дипломдарының көшірмелері;

6) халықаралық  олимпиада, кәсіби шеберлік конкурстары, конференциялар және өзге де іс-шаралар жүлдегерлерінің дипломдарының көшірмелері;

7)  білім алушылардың  Worldskills чемпионаттары бойынша дипломдарының көшірмелері;

8) БАҚ-та және басқа басылымдарда білім алушылардың мақалалары  (көшірмелері)

9) педагогтің  БАҚ-та және басқа басылымдардағы тақырыптық мақалалары (көшірмелері);

10) қалалық, республикалық өндірістік оқыту бойынша авторлық бағдарламаларды әзірлеу және енгізу;

11) кәсіптік қоғамдастықта сынақтан өткізілген педагогтің жеке әдістемелік жүйесінің болуы (материалдар, апробациялар);

12) қалалық деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларға, кәсіптік байқауларға,  жобаларға қатысқаны туралы педагог дипломдарының, грамоталарының көшірмелері;

13) республикалық  деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларға, кәсіптік байқауларға,  жобаларға қатысқаны туралы педагог дипломдарының, грамоталарының көшірмелері;

14) халықаралық деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларға, кәсіптік байқауларға,  жобаларға қатысқаны туралы педагог дипломдарының, грамоталарының көшірмелері;

15) педагогтің педагогикалық тәжірибесінің   таратылғанын растайтын материалдар: тәлімгерлік және басқа педагогтерді оқыту;

16) оқыту мен тәрбиелеудің заманауи педагогикалық технологияларын пайдаланылғанын растайтын материалдар: оқу-тәрбие үрдісіне мемлекеттік білім беру және әлеуметтік жобаларды, педагогикалық технологияларды енгізгенін растайтын анықтамалар.

Ізденушінің кәсіби шеберлігін бағалауды растайтын құжаттар:

 17) мемлекеттік және ведомстволық  марапаттар, грамоталар;

 18)   ғылыми, педагогикалық қоғамдастық өкілдерінің пікірлері;

 19)   ата - аналардың пікірлері.




















Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: