Алматы қаласы Білім басқармасының
"Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 2721268
Есепші бөлімі:
+7(727) 2721268
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
қазан
2020

ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

Б. Атыханұлы атындағы №36 гимназияда  24.10.2020 күні  жалпы ата-аналар  жиналысы онлайн  түрінде өткізілді.  Күн тәртібінде 2020 жылдың ІІІ кварталында   бюджеттен бөлінген  қаржының кіріс – шығыс есебі  тыңдалды және 2020-2021 оқу жылындағы қашықтан оқу жұмыстарының   ерекшеліктерімен таныстырылды.

  Гимназия директоры А.М.Ақсерікова   2020-2021 оқу жылының өзгерістері мен ерекшеліктері, нұсқаулары туралы таныстырды. Қашықтан оқыту кезіндегі ата-аналардың міндеттері мен оларға қойылатын талаптарды проектормен көрсетіп таныстырды. Бастауыш сыныптардағы кезекші сыныптардың жұмысы туралы баяндады.  

 Екінші мәселе бойынша 2020 жылдың ІІІ кварталында    бюджеттен бөлінген  қаржының кіріс – шығыс есебі тыңдалды. Слайдтармен қаржының қалай жұмсалғандығы көрсетілді.  Ата –аналарға түсінікті болды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: