Алматы қаласы Білім басқармасының
"Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 2721268
Есепші бөлімі:
+7(727) 2721268
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Қашықтан оқыту - заман талабы» тақырыбында «Озат тәжірибе» мектебінің онкүндігі
26
қазан
2020

«Қашықтан оқыту - заман талабы» тақырыбында «Озат тәжірибе» мектебінің онкүндігі

Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназияда  15.10.2020-  25.10.2020 аралығында «Қашықтан оқыту - заман талабы» тақырыбында «Озат тәжірибе» мектебінің онкүндігі өтті. 

Онкүндікте іс шаралар онлайн және офлайн түрінде өткізілді.

Мақсаты: жан-жақты жетілген, заман талабына сай қабілетті тұлғаның қалыптасуы мен дамуына ықпал жасауда жас мұғалімдерді қашықтан білім беруде жаңа технологиямен жан-жақты жұмыс істеуге жұмылдыру.

15.10.2020   Онкүндіктің ашылуы хабарланды. Ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді.

16.10.2020 күні А.Исабаева «Жай бөлшек. Жай бөлшекті оқу, жазу» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта zoom-ның барлық мүмкіндіктері қолданылды. Жаңа сабақты мұғалім сызбалар мен слайдтар арқылы түсіндіріп  және графикалық планшетті ұтымды колданды. Оқушылар белсенділік танытты. 

С.Құдайбергенова «Топтық жұмыстың тиімділігі» тақырыбында офлайн түрінде коучинг өткізді. Топта жұмыс барасында оқушылар коммуникациясы жақсарып, ой бөлісіп, ортақ қорытынды жасау дағдысы қалыптасады. Коучинг «бірлесіп көтерген жүк жеңіл» деген мақалмен қорытыланды. 

С.Қайранова «Би - сұлулық әлемі» тақырыбында үйірме жұмысын көрсетті. Сабақта бидегі іс кимылдар, жаттығулар шынайы түрде көрсетілді. Кері байланысқа шыққан мұғалімдер қазіргі уакытта осындай би қимылдарының барлық адамарға аса қажет екенін, ұтымды сабақ болғанын айтып пікірлерін қалдырды. 

17.10.2020 күні офлайн түрінде Қ.Тантаева  мен А.Уразымбетова «Менің кәсіби мамандығым» атты тренинг өткізді. Жас мұғалімдер осы мамандықты қалай таңдағандарын айтса, ал тәжірибелі мұғалімдердің  ақыл кеңестерімен бөлісті. 

19.10.2020 күні Г.Есетова мәжіліс залында Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жылдығына орай «Адамзаттың Абайы» тақырыбында семинар өткізді. Ғұлама Абай – қазақ топырағынан шыққан әлемдік деңгейдегі кемеңгер. Шынында да, дана ақын шығармалары тек қазақтың ғана емес, бүкіл адамзат баласының рухани өмірін жан-жақты байыта алады. Өйткені Абай туындыларының мазмұны жалпы­адамзаттық құндылықтарға толы. Оның қара сөздері – әлем халық­­тарының ортақ қазынасы. Г.Есетова өткізген семинарда бұл клас­си­калық үлгідегі өнегелі ойлар шоғырының бүгінгі жас ұрпаққа берері әлі де мол және дәл қазіргі оқыту жағдайында да қолжетімді екендігі жайлы айтылды. 

Б.Даулетчинова 2 ә сыныбына «Дауыссыз К мен Г дыбыстары» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақты мұғалім Google Meet платформасымен өткізді.  Сабақта балалар берілген  тапсырмаларды құлшыныспен орындап, белсенділік танытты. 

Н.Бисенова 19.10.2020 күні «Онлайн-мектеп модулінің «Вilimland» платформасы бойынша қолжетімді функциялары» атты семинар өткізді. Бұл семинарда мұғалім онлайн мектеп платформасының қашықтан оқыту кезінде өз сабағында қолданып жүрген тиімді  жақтарын көрсетіп, әріптестерімен бөлісті. Көптеген мүмкіндіктермен қатар, кері байланыс кезінде орындалған тапсырманы дәптерінен көруге болатынын білдік. 

20.10.20 күні ағылшын тілі мұғалімі Б.Мурсалимова «Day and Night» тақырыбында 3А сыныбында ашық сабақ өтті. Сабақта оқушылар күн мен түн тақырыбында суретке қарап сөйлем құрастырып ағылшын тілінде ойларын жеткізе білді. 

20.10.2020 күні «Металдардың тұз ерітінділерімен әрекеттесуі» тақырыбында А.Абитаеваның ашық сабағында 8 А сынып оқушылары реакция теңдеулерің қатесіз орындаумен қатар оны үш тілде оқи білді, сабақ бойында химия пәніне қызығушылықтары жоғары деңгейде екенін байқатты. 

20.10.2020 күні 11 б сынып оқушыларымен Г.Шарипованың «The Kazakh Custom» тақырыбында өткізген ашық сабағынан оқушылардың Қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, көшпенділер өмірі, киіз үйдің құрылысы туралы әңгімелеулері олардың жан-жақты ізденгендерін және ағылшын тілінде еркін сөйлей білетіндерін байқатты. 

А.Керееваның «Ч және Щ дыбыстары» тақырыбындағы ашық сабақта 3 В сынып оқушылары берілген мәтінде бос орынды қатесіз толтырып белсенділік танытты. Оқушылар кері байланыс жасап,  апайларына сабақтың қатты  ұнағанын көтеріңкі көңіл-күймен айтып жатты. 

21.10.2020 күнгі   А.Сыдықовтың «Дінтану пәнін оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында өткізген семинардан мұғалімдер дін туралы көптеген мәліметтер алып діни білімдерін кеңейтті десек болады. 

21.10.2020 күні қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі З.Қожаниязова өткізген  9 А сыныбындағы «Қазіргі заманғы айтыс өнері» тақырыбындағы сабақта Балғынбек Имашев пен Жансая Мусинаның айтыстарынынан үзінді көрсетілді.    Сабақта  балалардың айтыс өнеріне деген қызығушылықтары  олардың бұрынғы кездегі айтыс пен қазіргі айтысты салыстыра сөйлеулері байқатты. 

22.10.2020 күні Д.Темірбекова 7 А сыныбында «Communication and technology» тақырыбында ашық сабақ өтті. Оқушылар байланыс құралдарының пайдалы және зиянды жақтары туралы өз ойларын айтты. 

«Мен мектепке барамын» тақырыбындағы ашық сабақта 1 сынып оқушыларының қуана-қуана мектепке келіп оқитындарын, сабақ үстіндегі жасаған жаттығулары, белсенділіктері, көтеріңкі көніл күйлері аңғартты. Пән мұғалімі А.Құсайынова. Сабақ кезекші сыныпта офлайн түрде өтті, сабаққа мұғалімдер онлайн қатысты. 

22.10.2020 күні 4 б сыныбында Н .Матаева «Жай сөйлем және құрмалас сөйлем» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта оқушылар ойларын еркін жеткізе білді. Суретке қарап мәтін құрастырып ондағы жай және құрмалас сөйлемді ажырата білді. 

С.Тулебаева «Методика преподования русского языка в условиях онлайн образования» атты тақырыпта вебинар өткізді. Мұғалім өзінің іс тәжірибесіндегі, қашықтан оқыту кезіндегі   тиімді әдіс-тәсілдерімен және мұғалімдерге қажетті әдістемелік, дидактикалық кітаптардың оқушыларға пайдалы жақтарын айтты. 

23.10.2020 күні 11 А сынып оқушыларымен физика сабағынан «Электр энегиясын өндіру, жеткізу, тұтыну» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта  жана педагогикалық технология элементтерін  пайдаланылды, оқушылар өздік ізденденгендерін көрсетіп, есептер шығаруда  алған білімдерін  қолданып, тақырыптың өмірмен байланысын баяндау кезінде ойларын еркін  жеткізе білді. 

М.Нүсіпбаева 23.10.2020 күні 2 А сыныбында қазақ тілінен «Дауыссыз Н мен ң дыбыстары» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабаққа оқушылар белсене қатысты. Мұғалім сабағында Н мен ң   әріптерінің дұрыс жазылуын тақтаға бормен жазып көрсетті.  Диқан, теңізші, шопан сөздері қандай маман иелері? «миға шабуыл» әдісін қолданды, осы әріптері бар сөйлемдер құрастыра білді. Кері байланыс табыс сатысы арқылы жасалды.

 Р.Мырзахметова «Денсаулыққа зиянды әдеттер» тақырыбында 7 А сынып оқушыларымен ашық сабақ өтті. «Ой шақыру» әдісі арқылы «Өмірде байлық қымбат па, жоқ,  даңқ қымбат па?» Оқушылар пікірлері тыңдалды. Денсаулыққа зиян келтіреттін әдеттер жайлы ойларын айтып, әрқайсысы өз көзкарастарын ортаға салды. Оқушылардың айтқан пікірлерінен, жинаган мәліметтеріне, сөйлеген сөз түйіндеріне қарап балалардың жан-жақтылығын  байқауға болады. 

23.10.2020ж Ж.Байназарова   4 В сыныбында «Мен бақытты баламын» тақырыбында сабақ өтті. Тас қашайтын шебер мен бозбаланың мінез-құлықтары бағаланып, салыстырылды. Балалар басты байлық - бастың амандығы, он екі мүшең сау болса бақыттысың деген тақырыпта ой бөлісті. 

Офлайн түрінде өткізілген семиар, тренинг, коучингтерде  ережелерге сай санитарлық талаптар сақталды.

Қорыта айтқанда, қашықтан оқыту кезінде отілген өткен «озат тәжірибе» мектебінің онкүндігінде ашық сабақтар, семинар, вебинар, тренинг,коучинг өткізген мұғалімдер жан-жакты, ізденімпаз, тапсырылған жұмысқа жауапкершілікпен  карайтын, заман талабына лайықты еңбекқор ұстаздар екендіктерін көрсетті. Өзінен кейігі жас мамандарға, өскелең ұрпаққа айтары да, үйретері де мол тәжірибелі ұстаздар, Сіздер,  Жаңашыл ұстазсыздар ұрпаққа үлгі боларлықтай,  сіздерге рахметімді айта отырып, шығармашылық табыс, денсаулықтарыңыз мықты болсын демекпін.

                                                                                                            Алимхожаева С.С., тәжірибелі ұстаздар қоғамының жетекшісі,                                                                                                                 математика пәні мұғалімі

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: