Алматы қаласы Білім басқармасының
"Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 2721268
Есепші бөлімі:
+7(727) 2721268
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Жаңартылған білім мазмұны: қашықтықтан оқыту жағдайында»
13
мамыр
2020

«Жаңартылған білім мазмұны: қашықтықтан оқыту жағдайында»

Әлемді дүр сілкіндірген оқиға , бұл – еліміздегі мегаполистердің жабылуы, жұмыстың тоқтауы, қоғамдық шаралардың  кейінге шегерілуі – бәрі біздер үшін күтпеген жаңалық болды. Ал ең үлкен өзгеріс – мектептердің қашықтықтан оқытуға көшуі. Оқушы емес, біздер,  мұғалімдердің көкейінде сауал көп болды. Дегенмен де іштегі үрей , қорқынышқа қарамастан алға қарай қадам жасадық.

Білім беру ел болашағы үшін аса жауапты үрдіс екені бәрімізге мәлім. Ал қазіргі жағдайда   білім беру үрдісін  қашықтықтан ұйымдастыру – заман талабы деуге де болады. 

Б. Атыханұлы атындағы №36 гимназия ұжымы үшін  бұл да бір жаңа белес, жаңа шың болып отыр. 

13 мамыр күні гимназия басшысы А.М.Ақсерікованың  қолдауымен тірек мектеп ретінде ұстаздарымыз  «Жаңартылған білім мазмұны: қашықтықтан оқыту жағдайында» тақырыбында  онлайн семинар өткізіп,  іс-тәжірибелерімен бөлісті. Семинарға Алмалы ауданына қарасты магниттік қазақ мектептерінің мұғалімдері қатысып, өз ойларын да ортаға салды.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: