Алматы қаласы Білім басқармасының
"Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 2721268
Есепші бөлімі:
+7(727) 2721268
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні
29
сәуір
2020

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні

        Тіршілігінде бірлік пен ынтымақты  ту   еткен  қазақ  халқы үшін Тәуелсіздік  тізгінін қолға алғалы , жыл сайын  Мамырдың   алғашқы күні – Қазақстан    халқының бірлігі мерекесін жаңа тұрпатта мерекелеп  келеді. Тәуелсіз Қазақстанның   бүгінгі   экономикалық-әлеуметтік      салалардағы  тұтас  жетістіктері   тек бірлік  пен  тұрақтылықтың   арқасында ғана  орын алады.

       Осы орайда, қазіргі  уақыттағы   білім беру саласындағы үлкен өзгерістерге байланысты  қашықтықтан   оқыту  барысында, шәкірттерді   оқыту және тәрбие беру бағытында  Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназияның  директоры А.М.Ақсерікованың басшылығымен, гимназия  әкімшілігінің  ұйымдастыруымен іс-шаралар  жоспарлы түрде жүргізілуде. Сондай-ақ, тәрбие жұмысы бойынша жүргізілген  іс-шараладың бірі 5-8 сыныптар арасында қашықтықтан  «Қазақстан –досықтың  киелі   мекені» атты халықтар достығы фестивалі.  Бұл іс-шараның мақсаты, өскелең ұрпақ  жоғары мәдени-адамгершілікті  ұғынуға, достықты  қадірлеуге, ел бірлігінің құндылығын бағалауға ықпал етеді. Халықтар  достығы фестиваліне  сынып оқушыларын  қашықтықтан жоғары деңгейде ұйымдастырып, іс-шараны  талапқа сай орындап, бейнеролигін ұсынған  А.Сұлтанқұлов жетекшілік етіп отырған 7 «Б» сынып оқушылары өздерінің ұйымшылдығымен, жауапкершілігімен ерекшеленіп, көпшіліктің қызығушылығын туғызды. Шәкірттерін қашықтықтан ұйымдастырып, жүрегіне жол таба білген ұстазына еңбегінің жемісті болуын  тілеймін.



Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:Исахметова Э.Ж


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: