Алматы қаласы Білім басқармасының
"Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 2721268
Есепші бөлімі:
+7(727) 2721268
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алтын жүректі ұстаз - Гүльшара Есетовна
06
мамыр
2020

Алтын жүректі ұстаз - Гүльшара Есетовна

Алтын жүректі ұстаз

        Ұрпағымыздың ұғымтал болып өсуі, ұстазына  байанысты. Әр адам  өзінің сүйікті ісін  жақсы көріп, үлкен жауапкершілкпен   атқарғанда ғана бақытқа бөленері анық.

        Бүгінгі таңда Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназияда еңбек етіп, ұстаздардың, шәкірттерінің құрметіне бөленген-Гүлшара апайымыздың өскелең  ұрпақты бойына ұлтжандылыққ, адамиқұндылықтарға тәрбиелеуде атқарып отырған еңбегі орасан зор. 

20 жыл сахна төрінде қазақтың өнер жұлдыздары Қазақстанның Халық әртістері Жамал Омарова, Жүсіпбек Елебеков , Рабиға Есімжанова, Мағауия Хамзин, Муслим, Ришат, Абдулиндер,  «Отырар сазы», «Құрманғазы» оркестрлерінің концерттерін жүргізді. Алыс, жақын  шетелдерде болып  қазақ өнерінің өркендеуіне үлес қосты. 15 жылдан астам Кеңес Одағының халық әртісі Роза Бағланованың концертін жүргізді. 1988 жылы Алмалы ауданының Балалар шығармашылық үйіне келіп «Асыл мұра» балалар театрін құрды. 50 жыл өнер жолында Гүлшара Есетқызы « Қазақстан Респубикасының халыққа білім беру ісінің үздігі», «Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері»,  М.Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері. «10 жыл Астана» медаліның иегері. Бауыржан Момышұлының «Батыр шапағаты» орденінің иегері.

«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері»  төс белгісімен,  Алматы қаласының әкімшілігінің, Алматы қаласы білім басқармасының, Қазақстан Республикасының білім министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталды. 

Қазіргі таңда Гүлшара Есетқызы  Бөлтірік Атыханұлы атындағы №36 гимназияның тәлімгер ұстазы. «Шәкіртсіз ұстаз тұл » -дейді дана халқымыз. 

         №36 гимназияның  білім шаңырағында қоянқолтық жұмыс жасап жүріп байқағаным, Гүлшара апайдың еңбекқорлығы, жаңашылдығы, үнемі үздіксіз ізденіс пен шығармашылық үстінде жүретіндігі. Оның куәсі, аудандық, қалалық, республикалық көлемдегі оқушылар, жас ұстаздар арасындағы ұйымдастырған байқаулары көпшіліктің көңілінен шығып көрермендер ықылысына бөленуі. 

     «Қиындықты жеңе білудің өзі – білімділік »,-деп білетін  аяулы ұстаз  бүгінде көркемсөз шеберлерімен жоспарлаған жұмыстарын қашықтықтан оқыту түрінде жалғастыруда. Елімізде төтенше жағдай жарияланғаннан бері, төртінші тоқсаннан бастап, оқушыларымыз бірыңғай қашықтан оқытылып  жатыр. Қашықтықтан білім беру  кезінде №36 гимназияның директоры Ақсерікова Ақмарал Мағжанқызының ұстаздар ұжымын бүгінгі күннің талабына  сай шебер ұйымдастыруының арқасында ұстаздардың біліктілігі мен оқушыларының   білімділігі, жаңа технологияны терең меңгергені байқалды. 

    Гулшара апайымыз өз сөзінде, төтенше жағдайға  байланысты білім саласындағы  жаңа талапты ескере отырып, балалармен жүргізетін жұмысымды былай ұйымдастырдым дейді: «Алғашқы кезде үйірме сабақтарын қашықтықтан  өткізуді ойлағанымда, өзімде бір қорқыныш, үрей пайда болған сияқты. Жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей, гимназия әкімшілігінің қолдауымен оқушылар, ата-аналар болып «Біз біргеміз», деп сабағымызды бастап та кеттім».    

        Білім министрі Асхат Аймағамбетовтың: «Балаларды кітап оқуға баулу  өте маңызды» - деген ата-аналарға жолдауы баршамызға үлкен ой салды.

 Бұл орайда, Гүлшара Есетқызы көркемсөз үйірмесіне қатысатын шәкірттермен бірлесіп, Ұлы Отан соғысы ардагерлері, жазушы, ақын 

ағаларымыздың өмірбаянымен терең танысып, өлеңдерін, шығармаларын түгел оқытып, үзінділер жаттатып, Ұлы жеңістің 75 жылдығына екі видеофильм жасап, ардагерлерге тарту етті. 

           Бұл екі бейнероликте де Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің шығармалары :

1. Бауыржан Момышұлының «Қанмен жазылған кітап» романынан үзінді; 

2. Әбу Сәрсенбаевтың атақты «Ақша бұлттар» өлеңі;

3. Сырбай Мәуленовтың «Соғыстан қайтқан солдаттар». Тағы да басқа ақын жазушыларымыздың шығармаларынан үзінділер бар.

       Ұлағатты ұстаз, шәкірттері қашықтық ережесінде ұйымдастырылған  қалалық көркемсөз шеберлерінің «Ер есімі ел есінде» атты байқауға қатысуда. Жақында  Нұрсұлтан қаласында өткен «Өнерлі өрен» байқауында апаймыздың сүйікті шәкірттерінің бірі - Әбетей Фатима  байқаудың жеңімпазы атанды. Шәкірт жүрегінен жол тапқан, апайымыз алдағы уақытта «Асылмұра» үйірмесіндегі көркемсөз шеберлерімен Абай атамыздың 175 жылдығына арнап өлеңдерін, қара сөздерін, аудармаларын жатқа оқытып, бейнеролик ұсынбақшы. Еңбекқор ұстаз   бүгінгі күн талабына сай, ізденіс пен еңбектің арқасында жұмыстың бәрін үйден шықпай, бітіруге болатындығын дәлелдеді. 

          Жақсы адам ғана жақсы ұстаз бола алады,- демекші, алтын жүректі апайымыздың тұла бойындағы туа біткен тамаша асыл қасиеттері, ұстазар қауымына, бүгінгі өскелең ұрпағымыз үшін,  тағлымы   терең өнеге.


   Б.Атыханұлы атындағы № 36гимназия.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: