Алматы қаласы Білім басқармасының
"Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 2721268
Есепші бөлімі:
+7(727) 2721268
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Lessen Study» - біздің гимназиямызда
18
қараша
2019

«Lessen Study» - біздің гимназиямызда

Жаһандық ғаламтанудың ұлғаюы, ақпараттық технологиялардың дамуына, білім беру нәтижесіне халықаралық талаптардың күшеюіне байланысты тұңғыш Елбасы Н.Назарбаев «Ұлтымыздың әлеуетін оятуға және оны жүзеге асыруға жағдай жасайтын интеллектуалды төңкеріс қажет»-деп барлық білім беру жүйесінің қарқынды дамуына, ертеңгі болашағына тұғыр боларлық міндет жүктейді. «Жаман оқушы жоқ, жалқау оқушы бар» екендігін есере отырып, бүкіл оқушының «жақсы» жаққа бейімдеп дамыту басты міндет болып отыр. 

Мектептегі өзгеріс ең алдымен өзіміз, яғни мұғалімдердің өздерінің өзгеруінен бастау алады. Бұл өзгерістер мектептегі өзгерістерге әсер етеді. Алдымен неге өзгеру қажет? Қай бағытта өзгеру керек? Нені өзгерту кажет?- деген сұрақтарға жауап алып, мақсат қойып әрекет ету, біздің гимназиямызда да бар.

Гимназия директоры Ақсерикова Ақмарал Мағжанқызының бастауымен қатарынан төртінші жыл жалғасын тапқан, әр оқушының жеке тұлға болып, қалыптасуда сабақтарымыздың сапалы етіп өткізуде «Зерттеу сабақтарының» маңызы зор екендігіне күн өткен сайын көз жеткізудеміз. Осы игі істің жалғасы ретінде 2019-2020 оқу жылының басында (7.08.-29.08.2019) тарих-география пәндерінің мұғалімі, тренер Маймышева Асель Аиповнаның жетекшілігімен «Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу» мектепшілік кәсіби даму курсы жүрді. Негізгі бастауыш және тіл мамандарынан құралған әріптестеріміз курсқа қатысты.

         Курстың бірінші бөлімі тамыз айында әр сабаққа жақсы көзқараспен қараған, ұшқыр ойларымен бөліскен Матаева Нәзгүл Даулетжанқызы, Даулетчинова Бану Рауанқызы, Еркінбек Айгерім Құрбанбекқызы, Толекова Гулнар Сансызбайқызы, Ишмухамедова Анипа Рымжановна, Тантаева Қарлығаш Сериковна, Месебаева Айгүл Тәңірбергенқызы, Мұхтаржанқызы Ләззат, Нусипбаева Майгул Омарқызы атты ұстаздарымыздың сабаққа қатысудағы және проблемалық сұрақтарды шешуде жасаған іс – әрекеттерін ПШО (Педагогикалық шеберлік орталығы) бас мамандары тарапынан «жақсы» деген көрсеткіштерге ие болып, қалалық деңгейде жарияланып отырды.  Сіздердің назарларыңызда курс  барысындағы  суреттер  әлемі.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:


Похожие публикации: