Алматы қаласы Білім басқармасының
"Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 2721268
Есепші бөлімі:
+7(727) 2721268
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мамандық таңдау - болашақты ойлау"
02
ақпан
2024

"Мамандық таңдау - болашақты ойлау"

Бүгін 2024 жылғы 02 ақпан күні Б. Атыханұлы атындағы №36 гимназияда 10 сынып оқушылары арасында мамандық таңдауда дұрыс шешім қабыдауы  үшін "Мамандық таңдау - болашақты ойлау" атты кездесу -тренинг өтті. Кездесуде қазіргі қоғамдағы өте қажетті деп саналып келе жатқан мамандық иелері қонақ бола отырып, оқушыларымыздың дұрыс таңдау жасауына кеңес беріп, өз мамандықтарының қызық та қиын тұстарымен таныстырды. Мысалы, биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Әбдірешов Серік Наурызбайұлы өз мамандығының ерекшелігімен таныстырып, физиолог - биолог мамандардың елімізге қажеттілігін айтып өтті. Ал Алмалы аудандық Ішкі Істер Бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры Бейсенова Зарина Нурбаевна мен инспектор-психолог, полиция капитаны Кемалитдинова Айнұр Бейсенбиевна ханымдар өз мамандықтарына қалай келді, мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдау үшін қандай кеңестерге құлақ асулары керек екені жөнінде өз ойларымен бөлісті. Бұл іс - шараға гимназияда өндірістік практикадан өтіп жатқан Абай атындағы Қазақ Ұлттық Университеті мен Абылайхан атындағы Шетел тілдері  Университетінің  студенттері де өз үлестерін қосты. Кездесу - тренинг 8 "Б" сынып оқушысы Болатбек Маликаның "Періштелер әлемінде" атты әдемі әнімен аяқталды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: