Алматы қаласы Білім басқармасының
"Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 2721268
Есепші бөлімі:
+7(727) 2721268
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
ақпан
2022

Салауатты тамақтану тарелкасы

Дұрыс тамақтану - үздік білім арқауы!

 Тамақтану – адам ағзасы үшін аса маңызды қажеттілік.Біздің денсаулығымыз көбінесе қалай тамақтануымызға байланысты. Адам күш-қуат жұмсайды, соны қалпына келтіру үшін дұрыс тамақтану керек. Дұрыс тамақтану – денсаулық негізі. Өткен кезеңнің данышпан адамдары «Біз тамақтану үшін өмір сүрмейміз, өмір сүру үшін тамақтанамыз» деген. Дұрыс тамақтану дегеніміз бұл аз-аздан әр-түрлі тамақтарды қабылдау. Ағза үшін жұмыс атқарады, сондықтан уақытылы тамақтануды талап етеді. Ағзада қоректік заттар қарапайым заттарға ыдырайды да, қуат бөліп шығарады.    
Салауатты тамақтану - халық денсаулығын, балалардың дұрыс өсуі мен дамуын қамтамасыз ететін , физикалық және ақыл –ойдың дұрыс дамуын , жұмысқа қабілеттілікті нығайтатын, алиментарлық аурулардың алдын алу, әлеуметтік – экономикалық дамуды , ұлттық қауіпсіздігін анықтайтын бірден-бір және басты факторлары болып табылады.   
Тамақтану сауаттылығының бес негізі бар: 
1)Тамақ құрамында негізгі қоректік заттардың болуы (белок, май, көмірсу); 
2)Тамақ рационында қосымша заттардың болуы (витаминдер, микроэлементтер); 
3)Тамақ нәрлігі адам жасына, денсаулық күйіне, табиғат климатына байланысты; 
4)Тәулік бойынша тамақтану тәртібінің мөлшерін сақтау; 
5)Тамақтанудың санитарлық – гигиеналық нормаға сай болуы.      

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: