Алматы қаласы Білім басқармасының
"Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 2721268
Есепші бөлімі:
+7(727) 2721268
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу»
19
қазан
2023

«Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу»

18.10.2023ж.  Б.Атыханұлы атындағы  №36 гимназияда    

Алматы қаласы Полиция  Департаментінің бастығы, полиция генерал- майоры Заппаров Арыстанғани Расилханович  9-10 сынып оқушыларына «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында оқушылармен кездесу өтті.     

        Мақсаты: Есірткі қылмысына қарсы мәдениетті қалыптастыру, жастардың арасында салауатты өмір салтын ұстану, жастар арасында синтетикалық есірткілердің таралуын, пайдалануын алдын алу. 

       Сонымен қатар бұл жұмыста нашақорлық және жасөспірімдер қылмысы проблемасы, кәмелетке толмағандардың есірткіге құмарлығын қалыптастыруға ықпал ететін факторлар, есірткі құралдарының қауіптілігі, есірткіге қарсы мінез-құлықтың және салауатты өмір салтының маңыздылығы туралы баяндады, сондай-ақ есірткіні таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік нормалары туралы түсіндірілді.

       Сондай-ақ, мамандық таңдау мәселесі  адам өміріндегі  күрделі және жауапты, ең маңызды іс екендігіне тоқталды. Бүгінгі мектеп қабырғасында білім алып жүрген оқушылар ертеңгі еліміздің болашағы екендігін ерекше ескертіп, білімді ақылды, ұлтжанды азамат болуына ақыл- кеңес  берді. 


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: