Алматы қаласы Білім басқармасының
"Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 2721268
Есепші бөлімі:
+7(727) 2721268
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназияның 2023 жылғы есебі
26
желтоқсан
2023

Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназияның 2023 жылғы есебі



































































































































Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназияның 2023 жылғы есебі
Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназияда   2023 оқу жылының тамыз- қыркүйек айындағы атқарылған жұмыстар бойынша  аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан, ата - анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі  оқушыларға  гимназияның жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан мектеп формасына 43,000 мың теңгеден әлеуметтік көмек көрсетіп, 28 оқушы   оқу-құрал жабдықтарымен  қамтамасыз етілді.
2023 жылы гимназия ғимаратына жөндеу  жұмыстары жүргізілді. Мектеп кітапханасы мен асханасына   модернизация жасалды. Спорт алаңына  күрделі жұмыстар жүргізілді .
2023-2024 оқу жылында гимназияда көп балалы аз қамтылған, әлеуметтік жағдайы төмен 4 оқушы ЖББ білім беру қорынан тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде. 1-4 сынып оқушыларын тегін тамақтандыру туралы 1 қыркүйектегі №165 бұйрыққа сәйкес 371 оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етіліп отыр.
Асхананың санитарлық жағдайы үнемі қадағаланып,  ыстық тамақты ұйымдастыру жұмысы бірқалыпты деңгейде жүзеге асырылып отыр.
2023 жылы 71 педагог  біліктілікті арттыру курсынан өтті
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ -15,
«Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы-6,
«Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты» КЕАҚ-2
«Алматы мектептері» жобасы бойынша біліктілік курсынан 43 педагог біліктілікті арттыру курсынан өтті.
2023 жылы  7 педагог қала деңгейінде өткен конкурс жүлдегері атанды атап айтқанда:
  1. Куранбекова Гульназ Бейсбаевна –қалалық Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай мұғалімдер арасында өткізілген қалалық эссе байқауының жүлдегері;
  2. Маймышева Асель Аиповна – қалалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсы, І дәрежелі диплом; республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсы, грамота;
  3. Жарасова Асель Оңдасыновна – «Almaty Ustazy» конкурсының география пәні бойынша І дәрежелі диплом жеңімпазы; 
  4. Жетписов Едил Жарқынбекұлы – ««Almaty Ustazy» конкурсының қазақ тілі әдебиеті пәні бойынша ІІІ дәрежелі диплом жеңімпазы; 
  5. Тулебаева Салтанат Жаксылыковна – білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері арасында өткен «Үздік педагог» конкурсының қалалық кезеңінің І орын жеңімпазы, республикалық кезең қатысушысы;
  6. Акетаева Аманда Нұржанқызы - Алматы қаласы педагогтері арасында өткен «Үздік сабақтар қоры» қалалық байқауының ІІ Дәрежелі диплом жүлдегері
  7. Нақысбек Гүлнәз Ноянқызы - «Педагогикалық олимп»  қалалық байқауының қатысушысы, Алғыс хат

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: