01
қыркүйек
2023
«Менің таңдауым - балаларға көмек»
Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназияда 2023-2024 оқу жылының басталуына орай, әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көп балалы отбасыдан шыққан оқушыларды мектепке дайындау мақсатында Республикалық «Мектепке жол» қамқорлық қайырымдылық акциясы 01.08.-30.09.2023 ж. аралығында
«Менің таңдауым - балаларға көмек » үндеуімен ұйымдастырылуда. Акция барысында гимназияның қамқоршылық кеңес мүшелері мен ерікті ата-аналардың демеушілігімен 20 оқушыға оқу-құралдары, 3 оқушыға « Glasman » фирмасының 35 мың теңге көлемінде сертификаты мектеп формасына, 15 мың теңгеден 3 сертификат « abdi » кеңсе товарлар әлеміне берілді.