Алматы қаласы Білім басқармасының
"Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 248-41-92
Оқу бөлімі:
+7(727) 248-36-61
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектепке жол» акциясы
05
қыркүйек
2022

«Мектепке жол» акциясы


















Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия Ресаубликалық «Мектепке жол» акциясы «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен 2022-2023 оқу жылының басталуына орай тамыз айында  жүргізілді. 

Акция мақсаты: көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына, аз қамтылған, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі оқушыларға әлеуметтік көмек көрсету. 

1. «Мектепке жол» акциясы аясында Алматы қаласы, Алмалы ауданы білім басқармасының және демеушілердің ұйымдастыруымен гимназиядағы көпбалалы, толық емес отбасынан шыққан барлығы 8 оқушы мектеп формасымен қамтамасыз етілді. 

2. Акция барысында   демеушілердің қолдауымен көпбалалы отбасынан шыққан 1- сыныпқа қадам басып отырған 8 оқушымызға оқу-құрал жабдықтары берілді. Сондай-ақ, ата-аналар комитеті мен ұстаздар бірлесе отырып, 5 оқушыға бюджеттен тыс жаңа оқу жылының басталуына орай, оқу-құрал жабдықтарымен көмек көрсетті. 

                Жалпы Республикалық акция аясында 33 оқушы  материалдық әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етілді. Сонымен қатыр, ЖББ қоры есебінен 12 оқушыға әр оқушыға шаққанда 43000 тг қаржылай көмек мектеп формасы мен оқу–құрал жабдықтарын алуға берілді. 

                Жыл сайын Республикалық көлемде өткізілетін қайырымдылық іс-шараны жүзеге асыруда гимназия директоры А.М. Аксерикова және директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары И.Э.Жөнделбаевнаның рөлі ерекше. Акцияға белсене қатысқан ұжымға, демеушілік көрсеткен ата-аналар комитетіне, демеушілерге шын жүректен алғыс білдіреміз. 



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: