« Жазылар естеліктер мен туралы »
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай, Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназияда « Жазылар естеліктер мен туралы » атты әдеби - сазды кеш өтті. Ақын поэзиясына арналған бұл кеште Асыл мұра көркемсөз үйірмесі мен ән үйірмесінің қырықтан аса оқушылары қатысып, ақын өлеңдері мен бірнеше әндерін орындалды. Алпысыншы жылдарда қазақта жүзден жүйрік шығып, дүбірлеткен ақындар Қадыр Мырза Әлі, Төлеген Айбергенов, Мұқағали Мақатаев бұлардың поэзиясы экологияға ұшырамаған,