Алматы қаласы Білім басқармасының
"Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 248-41-92
Оқу бөлімі:
+7(727) 248-36-61
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » « Жазылар естеліктер мен туралы »
07
ақпан
2025

« Жазылар естеліктер мен туралы »

      Ақиық    ақын  Мұқағали  Мақатаевтың туған күніне орай,  
 Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназияда  « Жазылар естеліктер мен туралы » атты әдеби - сазды кеш өтті. Ақын поэзиясына арналған бұл кеште Асыл мұра  көркемсөз үйірмесі мен ән үйірмесінің  қырықтан аса оқушылары қатысып, ақын өлеңдері мен бірнеше әндерін орындалды.
      Алпысыншы жылдарда қазақта жүзден жүйрік шығып, дүбірлеткен ақындар  Қадыр Мырза Әлі, Төлеген Айбергенов, Мұқағали Мақатаев бұлардың поэзиясы экологияға ұшырамаған, мөлдірі бүлінбеген бұлақтар, ақынның өлең жолдарынан отты да, ойлы жылдарды көреміз
« Жазылар естеліктер нешеленген, 
Көрерміз оның бәрін пешенеден.
Әйтеуір, білетінім бір-ақ нәрсе, 
Көшеді өлең, немесе өшеді өлең!»-деп, ақынның өзі айтқандай 
        XX - XXI ғасырға бар бояуын жоғалтпай көшкені анық.   Бүгінгі  кешіміздің өзін Мұқағали атамыздың «Жыр көші»,- деп атасақ артық болмас еді. Біздер ақын өлеңін жаттап өстік, осы үрдісті  кейінгі ұрпағымыз да  жалғастырып жатыр.Ұрпақтар сабақтастығы деген осы болар!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: