Алматы қаласы Білім басқармасының
"Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 248-41-92
Оқу бөлімі:
+7(727) 248-36-61
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за 28.04.2023
Бөлтірік Атыханұлының ұрпақтарға өсиет атты поэзия кеші
28
сәуір
2023
Бөлтірік Атыханұлының ұрпақтарға өсиет атты поэзия кеші
Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназияда Бөлтірік Атыханұлының ұрпақтарға өсиет атты поэзия кеші өтті. Кешке Б.Атыханұлының немересі Бақытгүл Қасенбайқызы Бөлтірікова қатысып, оқушыларға атасының ұлағатты сөздерін айтып, өнер жолыменен таныстырды. Б.Атыханұлы атындағы гимназияның бастауыш сыныптың отызға жуық оқушылары қатысып, өлеңдерін оқыды. Гимназия директоры Ақсерікова Ақмарал Мағжанқызы өлең оқыған оқушыларды алғыс хатпен марапаттады. Кеш есте қаларлықтай, жақсы өтті.
“Сағыныш” поэзия кеші
28
сәуір
2023
“Сағыныш” поэзия кеші
Б. Атыханұлы атындағы 36 гимназияда 24.04 күні Т. Айбергеновтың “Сағыныш” атты поэзия кеші өтті. Кеш барысында ақынның танымал өлеңдері мәнерлеп оқылып, әндері шырқалды. Аз ғұмырында сәуледей жарқ ете қалған Т. Айбергеновке деген сағыныш сезім басылар емес. Сағыныштан жаралған ақынды ұрпағы мәңгі сағынады.