28
сәуір
2023
“Сағыныш” поэзия кеші
Б. Атыханұлы атындағы 36 гимназияда 24.04 күні Т. Айбергеновтың “Сағыныш” атты поэзия кеші өтті. Кеш барысында ақынның танымал өлеңдері мәнерлеп оқылып, әндері шырқалды. Аз ғұмырында сәуледей жарқ ете қалған Т. Айбергеновке деген сағыныш сезім басылар емес. Сағыныштан жаралған ақынды ұрпағы мәңгі сағынады.