Алматы қаласы Білім басқармасының
"Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 248-41-92
Оқу бөлімі:
+7(727) 248-36-61
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
сәуір
2025

Ғылыми жоба

 Бүгінгі білім беру жүйесінде бастауыш сынып оқушыларын ғылым негіздерімен ерте таныстырудың маңызы зор. Осы орайда, Б.Атыханұлы атындағы № 36 гимназияның бастауыш сынып оқушыларымен 2024 -  2025 оқу жылында жоспарланған  ғылыми-зерттеу жұмыстары 28 сәуір күні ұйымдастырылды.    
Ғылыми жобалар түрлі пәндер аясында — математика, жаратылыстану, қазақ тілі және әдебиеті бағыттарында жүзеге асырылды. Әр оқушы өз қызығушылығына сай тақырып таңдап, мұғалімдердің жетекшілігімен шағын зерттеу жүргізді.  Жұмыс барысында оқушылар:  
  • ақпарат жинау
  • бақылау жүргізу
  • тәжірибе жасау
  • қорытынды шығару сияқты ғылыми тәсілдерді меңгерді. 
Зерттеу нәтижелері мектепішілік ғылыми конференцияда таныстырылып, үздік жұмыстар марапатталды.
Аталған бастама оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырып, олардың сыни ойлау, өз ойын ғылыми тұрғыда дәлелдеу дағдыларын дамытуға ықпал етті. Болашақта бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: