Алматы қаласы Білім басқармасының
"Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 248-41-92
Оқу бөлімі:
+7(727) 248-36-61
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
мамыр
2025

“ Ерлікке тазым”

6.05.2025ж.
Б.Атыханұлы атындағы #36гимназияда  
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай “ Ерлікке тазым” атты іс-шара өткізілді.Бұл іс -шараға тыл және еңбек ардагерлері қатыстырылды.
Гимназия ауласына орналасқан Ұлы Отан соғысына қатысқан  #36 мектеп түлектері ескерткішіне гүл шоқтары қойылып,10-11сынып оқушыларысен әскери саптық дайындық көрсетілді.
Іс-шараның екінші бөлімі гимназиямыздың мәжіліс залында “Отты жылдар әуендері” ,-атты әдеби сазды кешке ұласты.Сахына төрінде сұрапыл соғыс  жылдарындағы өшпес ерліктің қайталанбас  үлгісін көрсеткен  батырларымыз Бауыржан Момышұлы,Хиуаз Доспанова, Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова  образын “Асыл мұра “көремсөз үйірмесінің 9- сынып оқушылары керемет сомдаса, вокал үйірмесінің оқушылары соғыс кезіндегі айтылған “Кестелі орамал”,”Синий платочек”,” Журавли”,”Катюша” т.б орындаған  әндерімен көрермен қауымның ыстық ықыласына бөленді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: