Алматы қаласы Білім басқармасының
"Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 2721268
Есепші бөлімі:
+7(727) 2721268
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Отаным, саған айтамын"
09
ақпан
2022

"Отаным, саған айтамын"

Б. Атыханұлы  атындағы №36 гимназияда  ақиық ақын, поэзия патшасы М.Мақатаевтың 91 жас туған күніне орай "Отаным, саған айтамын" атты тақырыпта мерекелік кеш өткізілді. Мерекелік іс-шараға гимназия директоры А.М.Аксерикова, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, М.Мақатаев сыйлығының лауреаты Г. Есетова, Абай атындағы ҚазҰУ -нің оқытушысы, профессор Жүніс Майра Абибуллақызы қатысты. Кеш барысында Г.Есетқызы жетекшілік ететін "Асыл мұра" үйірмесінің көркемсөз шеберлері ақиық ақын М.Мақатаев шығармаларын өте жоғары деңгейде нақышына келтіре оқыса, ақын сөзіне жазылған әндерін А. Құсайынова жетекшілік еткен вокал үйірмесіне қатысатын оқушылар мен ұстаздар орындап, көрермендер жүрегіне жол тапты. Іс-шараға қатысқан қонақтар оқушылардың өнеріне ризашылық білдірді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: