Алматы қаласы Білім басқармасының
"Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 2721268
Есепші бөлімі:
+7(727) 2721268
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 18 – Сәуір Халықаралық ескерткіштерді қорғау күні
18
сәуір
2024

18 – Сәуір Халықаралық ескерткіштерді қорғау күні


18 – Сәуір  Халықаралық ескерткіштерді қорғау күні
       Алмалы ауданында орналасқан ескерткіштер маңында 
«Есте сақтаймыз», «Құрметтейміз» және «Өткен күндерді еске алайық...» халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне арналған іс-шараларға  Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназияның директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Исахметова Э.Ж,  ағылшын  пәнінің мұғалімі, сынып жетекшісі Болатбекова А.К. 8 «Б» сынып  оқушылары ұлт мақтанышы -             А.Байтұрсынұлы  саябағындағы және мұражайындағы ескерткішіне  гүл шоқтарын қойып, мұражайын аралап, ауланысын абаттандыру барысында  раушан гүлдерін отырғызды.  Оқушылар, қазақ халқының аяулы перзенті,  ұлттық әдебиеттану ғылымының негізін салушы - Ахмет Байтұрсынұлының ескерткіші  басында қазақ тілі мен  әдебиеттану ғылымының негізін  салушы   қоғам қайраткері А.Байтұрсынұлының  өмірі мен шығармашылығы туралы айтып,  өлеңдерін мәнерлеп  оқыды.
      Іс -шараның соңында оқушылар ақын, аудармашы 
А. Байтұрсынұлының музей-үйінің мұражайын аралап, бірқатар қоғам қайраткерлерінің тарихи құжаттармен танысып, өздеріне бірқатар мәліметтер алды.
      Ұлы данадан  қалған  мол мұра өскелең ұрпағымыздың  бойында  рухани құндылықтарын  қалыптастыруда  маңызы зор.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: