Алматы қаласы Білім басқармасының
"Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 2721268
Есепші бөлімі:
+7(727) 2721268
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 18 Сәуір- Халықаралық ескерткіштерді қорғау күні
18
сәуір
2023

18 Сәуір- Халықаралық ескерткіштерді қорғау күні

        Алмалы ауданында орналасқан ескерткіштер маңында 
«Есте сақтаймыз », «Құрметтейміз » және «Өткен күндерді еске алайық...» халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне арналған іс-шараларға 
Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназияның Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Исахметова Э.Ж, тарих пәнінің мұғалімі, 8«Ә» сынып жетекшісі Алдажұманова М.Е өз сыныбының    оқушыларымен бірге, Ұлт мақтанышы - А.Байтұрсынұлы мұражайын, саябағын  қоқыстан тазартып, ескерткішіне  гүл шоқтары қойылды. Ескерткіш басында гимназия оқушылары  қазақ тілі мен  әдебиеттану ғылымының негізін  салушы    қоғам қайраткері А.Байтұрсынұлының   өмірі мен шығармашылығы туралы айтып,   өлеңдерін мәнерлеп  оқыды.
      Іс -шараның соңында оқушылар ақын, аудармашы, реформатор 
  А. Байтұрсынұлының музей-үйінің ғылыми қызметкері – Асиров М.М
Ахмет ағамыздың  мұражайын аралап, бірқатар қоғам қайраткерлерімен, тарихи құжаттармен танысып, өздеріне бірқатар мәліметтер алды.
      Ұлы данадан  қалған   мол мұра өскелең ұрпағымыздың   бойында  рухани құндылықтарын  қалыптастыруда  маңызы зор.
 



 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: