Алматы қаласы Білім басқармасының
"Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 2721268
Есепші бөлімі:
+7(727) 2721268
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Досболlike»
05
наурыз
2024
«Досболlike»
Гимназияда «Досболlike» акциясы аясында ұйымдастырылған «Бала дауысы» байқауының 3 кезеңі өткізілді.  Байқау нәтежесі бойынша: 1-орын: Музыка пәні мұғалімі С.Өртқали мен 8- сынып оқушысы М.Болатбек 2-орын: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.Алтынбек пен 5- сынып оқушысы А.Дәуке 3-орын: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Е.Жетпісов пен 5-сынып оқушысы К.Керімбай Байқау жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз!
1 наурыз алғыс айту күні
01
наурыз
2024
1 наурыз алғыс айту күні
1 наурыз алғыс айту күніне орай халқымыздың «Ел алғысын алсаң, елеулі боларсың», өсиетін өнеге тұтқан гимназиямыздың 11 «Б» сынып оқушылары ұстаздарды мерекемен құттықтады. Алғыс айту- адамдықтың белгісі,-демекші баршамыз бір-бірімізге алғыс айтып жүрейік!
"Жүрегімнің  түбіне  терең  бойла... "
01
наурыз
2024
"Жүрегімнің түбіне терең бойла... "
"Жүрегімнің  түбіне  терең  бойла... " тақырыбында 11"А" сынып  оқушылары  Абай Құнанбаев туралы музыкалық композициялық кеш өткізді. Мақсаты: М.Әуэзовтың "Абай жолы"  роман-эпопеясының маңыздылығын  көрсету, шығарма  арқылы  қазақтың  бас ақыны  Абай Құнанбайұлының өмірі  мен шығармашылығын, асыл мұрасын қастерлеуге  тәрбиелеу, сөз өнеріне, саз өнеріне  деген сүйіспеншілікті ояту. Іс -шара соңында гимназия директоры оқушыларға ізгі телегін білдіріп  алдағы  емтихандарына  сәттілік тіледі.
«Самрұқ»
01
наурыз
2024
«Самрұқ»
Дәуке Әмина  БАС ЖҮЛДЕ же ңіп алды «Самрұқ» Халықаралық балалар мен жасөспірімдер арасындағы өнер байқауында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанып «Вокал» жанры бойынша Дәуке Әмина №36 Б.Атыханұлы атындағы гимназияның 5 «Б» сынып оқушысы БАС ЖҮЛДЕ жеңіп алды! Әмина өнерпазымызды үлкен жетістігімен құттықтаймыз! 
«Жас музыкант»
01
наурыз
2024
«Жас музыкант»
Сармұрза Нияз – «Жас музыкант» 2024 жылдың ақпан айында Алматыдағы қалалық «Жас музыкант» фестиваль-байқауы өтті. Бұл фестиваль-байқаудың басты мақсаты – балалар тұлғасының рухани мәдениетін қалыптастыру. Классикалық және заманауи өнердің үлгілерін орындау арқылы. Б.Атыхынулы атындағы №36 гимназияның 5 «Б» сыныбының оқушысы Сармұрза Нияз «Виолончель» классы бойынша 2 орынға ие болды. Нияз, жеңісіңмен құттықтаймыз!
"Жүректен жүрекке"
27
ақпан
2024
"Жүректен жүрекке"
Б.Атыханұлы атындағы  №36 гимназияда өткізілген  "Жүректен жүрекке" атты челлендждің мақсаты:  Жас ұрпақтың адамгершілік, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыру және дамыту. Қайырымдылық – жүректегі мейірімнің сәулесі. Яғни, біреуге көмек көрсету, қайырымдылық жасау – адам жанының ізгілігінен, рухани дүниесінің байлығынан, ішкі әлемінің жарықтығынан шығатын игі іс.
Қалалық семинар
26
ақпан
2024
Қалалық семинар
Алмалы ауданы Б.Атыханұлы атындағы  № 36 гимназияда  23.02.2024ж   «Алматы мектебі» және  «Біртұтас тәрбие»  бағдарламаларын жүзеге асыру аясындағы «Құндылыққа бағдарланған білім беру»  қалалық әдістемелік семинар өткізілді. Мақсаты:  «Алматы мектептері» бағдарламасы аясында оқушылардың бойына ұлттық құндылықты сіңіре отырып, зерттеушілік, ойлау, қарым-қатынас, креативті көзқарас дағдыларын қалыптастыру арқылы мектепте жасалып жатқан жұмыс жүйесін жан-жақты көрсету. Семинар гимназия директоры
Тұманбай оқулары
23
ақпан
2024
Тұманбай оқулары
Алматы қаласы физика математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10жылдық мерей тойына орай , "Алматы дарыны" орталығымен бірлесе ұйымдастырылған қалалық Тұманбай оқуларында гимназиямыздың 11 "Б" сынып оқушысы Тайжан Заңғар бас жүлде иегері атанды. Жетекшісі: Гүлшара Есетқызы