Қамқорлық жасау – ізгілікке бастар жол
Қамқорлық жасау – ізгілікке бастар жол
Мектепке жол республикалық қайырымдылық, қамқор акциясы Б.Атыханұлы атындағы № 36 гимназияда 2025-2026 оқу жылының 1 тамызынан бастап, дәстүрлі түрде «шекарасыз жақсылық» үндеуімен ұймдастырылды.
Акцияның мақсаты - әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан, қамқоршысынан айрылған балаларға материалдық қолдау көрсету.
Акция барысында ұстаздарымыз , демеушілер,сынып жетекшілері және ата –аналарымыз қамқорлық жасауды ізгілікке бастар жол ретінде жоғары жауапкершілікпен сезінеді.
Оған дәлел жылда өткізілетін республикалық «Мектепке жол» қамқорлық акциясы барысында сынып жетекшілерімен бірлесе отырып, ата-аналар комитеті және ұстаздарымыз бен демеушілер көпбалалы, аз қамтылған, әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға қолұшын беріп , белсенді үлес қосуда. Гимназия директоры А.М. Ақсерикова басшы ретінде бұл бастамаларға үнемі қолдау білдіреді.
Жаңа оқу жылы қарсаңында басталған акция барысында көмек қажет ететін оқушылар анықталып, «Мектепке жол» республикалық қамқорлық акция барысында мектеп формасы, аяқ киімдер, сабаққа қажетті оқу- құрал жабдықтарымен қамтамасыз етілуде.
Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназияда « Мектепке жол » республикалық қайырымдылық акциясы өз жалғасын табуда.
Егер сіз де балаларға қолдау көрсеткіңіз келсе немесе қажет болса, хабарласауыңызды сұраймыз.
