Алматы қаласы Білім басқармасының
"Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 248-41-92
Оқу бөлімі:
+7(727) 248-36-61
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Көш. Наурыз – думан»
21
наурыз
2024
«Көш. Наурыз – думан»
Алматы көшелерімен «Көш. Наурыз – думан» керуені жүріп өтті. Оған 1000-нан астам адам қатысты.  Батыр, бүркітші, ақын және басқа да образдағы адамдар қала тұрғындары мен қонақтарын қуантты. Әжелердің шашуы мен ақындардың өлеңі керуен ажарын аша түсті.  Арбадағы киіз үй, қыз күймесі, қоржынға жібек мата мен кілем артқан түйелер, сонымен қатар, Жеті қазына нышандары ұлтымыздың мәдениеті мен салт-дәстүрінің тамыры тереңде екенін еске салды. Керуен Абай атындағы алаңнан бастау алып, Астана алаңында
Ұлттық домбыра күні
20
наурыз
2024
Ұлттық домбыра күні
20 наурыз -  Ұлттық домбыра күні  Күй күмбірі челленджіне №36 гимназияның "Ақ желең" домбыра ансамблі де қатысты ]
«Көктем аруы-2024»
19
наурыз
2024
«Көктем аруы-2024»
19.03.2024ж. Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназияда 22 наурыз Ұлыстың ұлы күніне орай 9-10 сыныптар арасында «Көктем аруы-2024» байқауы өтті. Мақсаты: Қазіргі қоғамдағы қыз балдарға рухани тәрбие беру, халқымыздың дәстүрлі құндылықтарын ұғындыру, әдептілікті, әсемдікті, сұлулықты терең сезіндіріп, адамгершілікке, мейірімділікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.
«ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ»
18
наурыз
2024
«ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ»
18наурыз «ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ» 🇰🇿«Ұлттық киімді ұлықтайық»🇰🇿 Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі аясында ұлттық киімді дәріптеу мен ұлықтау мақсатында гимназия ұстаздары мен білім алушылары ұлттық киімдерін киіп келді. Азаматқа айбат, қызға көрік беретін ұлттық киімдерді барша халық кисе, жарасып кетер еді. Біз өз ұлттық киімімізді өзіміз дәріптеу арқылы салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды, рухани құндылықтарымызды әрқашан ұлықтап жүрейік. Наурыз құт - береке әкелсін! Ақ мол болсын!
«Досболlike»
05
наурыз
2024
«Досболlike»
Гимназияда «Досболlike» акциясы аясында ұйымдастырылған «Бала дауысы» байқауының 3 кезеңі өткізілді.  Байқау нәтежесі бойынша: 1-орын: Музыка пәні мұғалімі С.Өртқали мен 8- сынып оқушысы М.Болатбек 2-орын: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.Алтынбек пен 5- сынып оқушысы А.Дәуке 3-орын: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Е.Жетпісов пен 5-сынып оқушысы К.Керімбай Байқау жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз!
1 наурыз алғыс айту күні
01
наурыз
2024
1 наурыз алғыс айту күні
1 наурыз алғыс айту күніне орай халқымыздың «Ел алғысын алсаң, елеулі боларсың», өсиетін өнеге тұтқан гимназиямыздың 11 «Б» сынып оқушылары ұстаздарды мерекемен құттықтады. Алғыс айту- адамдықтың белгісі,-демекші баршамыз бір-бірімізге алғыс айтып жүрейік!
"Жүрегімнің  түбіне  терең  бойла... "
01
наурыз
2024
"Жүрегімнің түбіне терең бойла... "
"Жүрегімнің  түбіне  терең  бойла... " тақырыбында 11"А" сынып  оқушылары  Абай Құнанбаев туралы музыкалық композициялық кеш өткізді. Мақсаты: М.Әуэзовтың "Абай жолы"  роман-эпопеясының маңыздылығын  көрсету, шығарма  арқылы  қазақтың  бас ақыны  Абай Құнанбайұлының өмірі  мен шығармашылығын, асыл мұрасын қастерлеуге  тәрбиелеу, сөз өнеріне, саз өнеріне  деген сүйіспеншілікті ояту. Іс -шара соңында гимназия директоры оқушыларға ізгі телегін білдіріп  алдағы  емтихандарына  сәттілік тіледі.