Алматы қаласы Білім басқармасының
"Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 2721268
Есепші бөлімі:
+7(727) 2721268
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ахмет Байтұрсыновтың 150-жылдық мерейтойы
22
қыркүйек
2022

Ахмет Байтұрсыновтың 150-жылдық мерейтойы

Биыл халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері,ғалым,аудармашы Ахмет Байтұрсыновтың 150-жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтіп жатыр.Осы орайда Б.Атыханұлы атындағы 36 гимназияда ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Гүлшара Есетқызының ұйымдастыруымен және гимназияның өзін-өзі басқару ұйымының атсалысуымен Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған "Көркем сөз-көңіл тілі"атты поэзия кеші өткізілді. Кеш жүргізушілері Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаянымен таныстырып,кеш қонақтарына  ұлт ұстазының жүріп өткен дара жолын баяндады.Кеш барысында оқушылар қазақтың айтулы перзенті Ахмет Байтұрсыновтың көркем шығармаларын,мысал-өлеңдері мен әндерін орындап,өздерінің өнерімен көпшіліктің көңілінен шықты.Кеш соңында гимназия директоры Ақсерікова А.М Ахмет Байтұрсыновтың 150-жылдық мерейтойымен құттықтап,оқушылар мен ұстаздарға жылы лебізін білдірді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: