Алматы қаласы Білім басқармасының
"Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 2721268
Есепші бөлімі:
+7(727) 2721268
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
қазан
2022

«Күз аруы»

Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия төрінде «Күз аруы» атты байқау өтті. Бұл байқау 9,10,11 сыныптар арасында болды. Байқауға әр сыныптан 1 оқушы шығып, жалпы 10 қыз қатысты. Сайысымыз 5-кезеңнен тұрды және әрқайсысының өзіне тән шарттары болды. Аруларымыздың еңбегі әр кезеңнің ережесіне сәйкес бағаланды . Бұл байқауда тек аруларымыз ғана емес, сондай-ақ жалпы сынып атынан қатысып отырған оқушылар да өздерінің белсенділігін көрсетті. Әділ қазылар алқасы құрамында: 1) Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Исахметова Эльмира; 2) Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қасымбаев Медет; 3)Мектеп Президенті Акбар Эльдар, - аруларымызға өздерінің әділ бағасын қойып отырды. Қазылар алқасы шешімі бойынша: 11 «Б» сынып оқушысы Канибай Дария «Бас жүлде» иегері; 10 «Ә» сынып оқушысы Мәлік Мерей 1-орын иегері; 9 «В» сынып оқушысы Жақсылықова Тоғжан 2-орын иегері; 11 «Ә» сынып оқушысы Жұмагерей Гүлжанат 3-орын иегері; 10 «Б» сынып оқушысы Жұмажанова Салтанат 3-орын иегері; 11 «А» сынып оқушысы Анисова Малика 9 «Ә» сынып оқушысы Баубекова Нуриза 10 «А» сынып оқушысы Сайфулла Мерей 9 «А» сынып оқушысы Кәрім Айсұлу 9 «Б» сынып оқушысы Бауыржанқызы Ақбота әртүрлі номинациялармен марапатталды. Әр ару өзінің жан-жақтылығын көрсетіп, ерекше өнер көрсете білді. Байқауды ұйымдастырушылар: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Серкешпаев Серік; Физика пәнінің мұғалімі Бейбітбекова Айдана Мектебіміздің Парламенті. Іс - шараның жүргізушілері: 11 «А» сынып оқушылары Сейтнуров Мағжан және Смакова Сая.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: