Алматы қаласы Білім басқармасының
"Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 2721268
Есепші бөлімі:
+7(727) 2721268
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қатыгезсіздік және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»
17
қараша
2022

«Қатыгезсіздік және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»

Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназияда «Қатыгезсіздік және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» Республикалық ұлттық акциясы жүргізілді. 1. Республикалық ұлттық акциясы аясында оқушыларға отбасылық құндылықтар және бақытты балалық шақты насихаттайтын бейнероликтер көрсетілді. «Отбасы — адамзаттың алтын діңгегі» іспеттес, оның ұрпаққа деген ықпалын өмірдегі ешбір күшпен салыстыруға болмас. Жастарды ұлттық нышандағы құндылықтарымызды бағалауға, оларды сақтай отырып, келер ұрпаққа жеткізуге тәрбиелеу бүгінгі таңның өзекті мәселесі. Отбасы — жеке құндылықтарды қалыптастырудың қайнар көзі, тәрбиенің бастауы, әр үйде балалар санасына ұлттық құндылықтарға деген көзқарастарды, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды, даналық сөздерді, тәрбиенің жоғарғы үлгілерін сіңіретін де отбасы. Осы негізде отбасынан жалғасын табатын құндылықтар негіздерін ұмыт қалдырмай, жаңғыра түсейік, рухани болмысымызды жоғалтпайық!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: