Алматы қаласы Білім басқармасының
"Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 2721268
Есепші бөлімі:
+7(727) 2721268
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн»
03
маусым
2022

«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн»

      Б. Атыханұлы атындағы №36 гимназияда  3.06.2022 ж. күні  9-10 сынып оқушыларына «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқан аясында онлайн режимінде отбасылық құндылықтар және бақытты балалық шақты насихаттайтын бейнероликтер көрсетілді. Отбасы — адамзаттың алтын діңгегі іспеттес, оның ұрпаққа деген ықпалын өмірдегі ешбір күшпен салыстыруға болмас. Жастарды ұлттық нышандағы құндылықтарымызды бағалауға, оларды сақтай отырып, келер ұрпаққа жеткізуге тәрбиелеу бүгінгі таңның өзекті мәселесі. Отбасы — жеке құндылықтарды қалыптастырудың қайнар көзі, тәрбиенің бастауы, әр үйде балалар санасына ұлттық құндылықтарға деген көзқарастарды, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды, даналық сөздерді, тәрбиенің жоғарғы үлгілерін сіңіретін де отбасы. Осы негізде отбасынан жалғасын табатын құндылықтар негіздерін ұмыт қалдырмай, жаңғыра түсейік, рухани болмысымызды жоғалтпайық! 



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: