Алматы қаласы Білім басқармасының
"Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 2721268
Есепші бөлімі:
+7(727) 2721268
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Сынып жетекші-2022"
25
ақпан
2022

"Сынып жетекші-2022"

25.02.2022 ж. күні гимназия әкімшілігінің ұйымдастыруымен "Сынып жетекші-2022" үздік сынып жетекшісін анықтауға арналған іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында  7 сынып жетекші өз бақтарын сынады. Олар: Касимова Рысгуль Советбекқызы 6 «Ә», Уразымбетова Алтын Маратовна 2 «А», Еркінбек Айгерім Құрманбекқызы 2 «Б», Алдажұманова Мейрам 7 «Ә», Бисенова Назипа Абдумаликовна 4 «Ә», Құранбек Гүлнәз Бейсхановна 3 «Б», Сатыбалды Айымгуль  9 «Б» сыныптарына жетекшілік атқаратын жауапты ұстаздар. Байқау 2 кезеңді қамтыды. Байқауға гимназия 
директоры Аксерикова А.М  және директордың бейімді оқу ісі жөніндегі орынбасары Нақысбекова Г.Н. оқу ісі жөніндегі орынбасарлары: Толекова Г.С. Қасымбаев М.И, тәрби ісі жөніндегі орынбасары Исахметова Э.Ж. төрелік жасады. Байқаудың қорытындысы бойынша  Бас жүлдені  7 «Ә» сынып жетекшісі М.  Алдажұманова иеленіп, I орын 6 «Ә» сынып жетекшісі Р. Касимова, II орын Бисенова Назипа Абдумаликовна және байқауға қатысқан басқа да сынып жетекшілерге ерекше қабілеттерін ескеріп, әр түрлі номинациялар бойынша мақтау қағаздарымен марапатталды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: