Алматы қаласы Білім басқармасының
"Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 2721268
Есепші бөлімі:
+7(727) 2721268
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Алғыс айту күні»
01
наурыз
2022

«Алғыс айту күні»

Алғыс айтудың мәніне мән беріп көрдіңіз ба?
Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс - әрекетіне жасаған істеріне жоғары баға беруі.  Алғыс айту -  ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. 
 Алғыс айтудың тарихы неде? 
Бұл күн тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні болады. «Алғыс айту күні» – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Бұл – репрессия мен жер аудару жылдарында біздің халық көрсеткен мейрімділік пен ақ көңілдік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер күні. Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды «Алғыс айту күні»- деп №173 жарлыққа қол қойып жариялаған болатын.
Гимназия директоры А.М. Аксерикова

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: