Алматы қаласы Білім басқармасының
"Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 2721268
Есепші бөлімі:
+7(727) 2721268
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Білімді жастар жарқын болашақ кепілі
16
қыркүйек
2021

Білімді жастар жарқын болашақ кепілі

                Б. Атыханұлы атындағы №36 гимназияда жас ұстаздардың бас қосуы өтті. Негізгі мәселе мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы жастарға қойылатын талаптар талқыланып, жастардың бойындағы азаматтық позицияны арттырып, патриоттық сезімді ояту, жастарды осы қоғамға бейімдеп, келешекте өзінің отанына, қоғамдағы әлеуметтік жағдайларға бей-жай қарамай оған өзіндік үлесін қосуға шақыру насихатталды.   Жолдауда   жас ұрпақтың оқуына, үздіксіз білім алу және ғылым саласында жетістіктерге жетуіне барлық жағдайды жасаудың маңыздылығына ерекше тоқталған  және  бүгінгі күнде елімізде орын алып жатқан қауіпті індетті жеңу үшін барынша күш – жігер салу керектігі айтылды. Сонымен қатар, заматтардың сауаттылық деңгейі мен олардың цифрлық білімін арттыру мақсатында Үкіметке үздіксіз білім беру тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды. Бұл игі шара ұрпағымыздың білім сапасының артуына мол мүмкіндік береді деп сенеміз.   

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: