Алматы қаласы Білім басқармасының
"Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 2721268
Есепші бөлімі:
+7(727) 2721268
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 25 Мамыр - Соңғы қоңырау мерекесі
25
мамыр
2021

25 Мамыр - Соңғы қоңырау мерекесі

Бөлтірік Атыханұлы атындағы №36 гимназияда  соңғы қоңырау соғылып, түлектер үлкен өмірге қанат қақты. Пандемия осымен екінші жыл қатарынан мектептердегі соңғы қоңырау рәсіміне өзгеріс енгізіп отыр.   Оны өткізу форматы бойынша Білім және ғылым министрлігінің тарапынан методикалық нұсқаулық жіберілді.   Гимназия директоры Ақмарал Мағжанқызы  гимназия ұжымын онлайн құттықтап, оқу жылына қорытынды жасап, үздік және сыныптан тыс жұмыстарға белсене қатысқан оқушылар мен ұстаздарды марапаттады. Гимназияда әр сыныпта тәрбие сағаты өткізілді. Сынып оқушыларының жетістіктері көрсетіліп,  жазғы демалысты қызықты да , көңілді өткізуге ата-аналар мен ұстаздар  тілек білдірді. 

Сонымен қатар,  Б.Атыханұлы атындағы №36  гимназияда   26 мамыр- 19 маусым аралығында барлық тілек білдірген білім алушылар үшін ата -аналарының өтініші бойынша оқыту сапасын арттыру және шектеу шаралары кезінде білімдегі жіберілген олқылықтардың орнын толтыру мақсатында  ұйымдастырылып отырған  "Жазғы мектеп"  жұмысы туралы хабарланды. 


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: