16
мамыр
2025
Ұрпаққа өнеге
16.05.2025ж. Ұрпаққа өнеге
Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназияда жыршы , сазгер, айтыскер ақын тума талант иесі- Бөлтірік Атыханұлына арналған бюстінің ашылу салтанаты өтті. Мерекелік іс-шара гимназиямыздың директоры А.М.Аксерикованың құттықтау сөзімен басталды. Өз сөзінде, №36 гимназия тарихына жан-жақты тоқтала келіп, 1998 жылы Бөлтірік Атыханұлы атамыздың есімі берілгендігі, содан бері 25 жыл өткенін тілге тиек етті. Өмірден ерте өтсе де, соңына өшпейтін мол мұра қалдырған жыршы, ақын, атамыздың мұрасын өскелең ұрпаққа жеткізу- бүгінгі күнің басты мәселелерінің бірі болып қала бермек. Бөлтірік атамыз бала кезінен өлең-жырға құлақ түріп, қолына домбырасын алып, ел арасын көп аралаған. Шығыстың аңыз-әңгімелеріне зейін салып, ертеден қалған жыр-қиссаларды, ертегілер мен өлең мен әңгіме, қара сөздерді жаттап өскен екен. Бұл дарыны мен таланты ұштасқан , өнерге құштар жанның ұрпағына өнеге боларлық мұрасының мол екендігінің дәлелі деп білеміз.
Бөлтірік атамызың ескерткіш мүсінінің ашылу барысында келген қонақтардың арасында Бөлтірік атамыздың шығармашылығын зерттеп жүрген Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, академик, тарихшы Нұрпейіс Талдыбек Әліұлы, Құрманғазы ұлттық консерваториясының ұстазы, дәстүрлі әнші. термеші-Тілеулес Құрманғалиев, Алматы облысы халық шығармашылығының әншісі - Сүйіндік Серік, көрермендерге айтыскер ақын , жыршы бабамыз-Бөлтірік Атыханұлы туралы бірқатар тың зерттеулер , әңгімелер мен жаңалықтардың куәсі болды.
Жыршы, сазгер ақынның күйлері мен өлеңдерін, терме-жырлары өте көп болғандығын, ақыннан қалған мұраны ел аузынан жинап, нотаға түсіріп, Бөлтірік қорын ашып, туған жерінде көше атауы берілгені, әке еңбегіне өшпейтін із қалдырған баласы марқұм - Қасенбай Бөлтірікұлына ерекше тоқталды.
Салтанатты жиын барысында атасының бар еңбегін жинақтап, әкесі – Қасеннің ісін жалғастырып, кітаптарын баспадан шығартып жүрген Бөлтірік атамыздың немересі-Бақтыгүл апамыз,1997 жылы қазан айында ақынның туған жері Кеген ауданы, Жалаңаш аулында ақынның мерейлі тойында халықтың сүйікті ақыны Т. Молдағалиевтің «Киесі бар кісіге де ие керек. Киелі кісінің елі болмаса, жері болмаса, оның бағы жанбайды, аты бәйгеден келмейлі. Киелі кісінің елі болмаса, жері болмаса, оның бағы жанбайды, аты бәйгеден келмейді. Сол киелі кісінің бірі-Бөлтірік Атыханұлы екен, оның ұмытыла бастаған жырын оқып, танып білдім. Жер бетінде өлең жазып, өлең айтатын қазақ көп. Ақын,- деген ат сол өлеңшілердің ең жүйрігіне, ең тұлпарына берілмек. Сол ең жүйрік ақындарының бірі-Бөлтірік Атыханұлы екен»,- деп естелік қалдырған екен.
Бөлтірік атамыздың шығармалары-ұлт рухагниятының айнасы, халықтың тұрмыс-тіршілігінің, салт-дәстүрін, адамгершілік қағидаларын бейнелейтін көркем мұра. Оның жырларында Алланың хақ жолы, сабырлылық, имандылық, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету секілді дін мен дәстүр сабақтастығына тоқталып, ұлттық тәрбие, ел бірлігі, еңбекқорлық пен