Алматы қаласы Білім басқармасының
"Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 248-41-92
Оқу бөлімі:
+7(727) 248-36-61
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Халық қаһарманы, ел мақтанышына айналған Роза Тәжібайқызы Бағланованың өмірі мен шығармашылық жолы
25
қаңтар
2024

Халық қаһарманы, ел мақтанышына айналған Роза Тәжібайқызы Бағланованың өмірі мен шығармашылық жолы

Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназияда
        25.01.2023ж. Қазақ  ән эстрадасының ең биік шыңына көтерілген күміс көмей әнші, Халық қаһарманы, ел мақтанышына айналған  Роза  Тәжібайқызы  Бағланованың  өмірі мен шығармашылық жолын өскелең ұрпаққа насихаттау барысында мерекелік кеш өтті. 
       Бұл кешке әлемде аты  аңызға айналған опера және эстрада әншісі, Қазақстанның және бұрынғы Кеңес Одағының халық әртісі,  Халық қаһарманы, Алтын жұлдыз бен Отан орденінің иегері  Роза Бағланованың ұлы  -  Тәжен Бағланов  пен келіні - Марал  Бағланова  және Алматы қаласының құрметті азаматы , « Достық », « Құрмет », «Парасат» ордендерінің иегері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Тіл жанашыры» меделінің иегері –Асылы Осман қонақ ретінде  шақырылды.
     Мереке басталар алдында мәзіліс залында Р.Бағланованың бейнефильмдері көрсетіліп, Мольбертке суреттері ілініп, Роза апайға арналған кітаптардан көрме жасалды.
     Сондай-ақ, Роза апайдың 300-ге жуық әні Алтын қорда сақтаулы. Оған дәлел, мерекелік іс-шара кезінде  гимназиямыздың қалалық  республикалық, Халықаралық байқаулардың жеңімпазы атанған  ұстаздарымыз бен оқушыларымыз  Кенжебек А « Елімнің бір еркесі  мен боламын»,  Абетей Ф «Ақсұңқарым», Керімбай К «Ах, Самара  городок »,Мұхтар Нұрдаулет  «Ақмаңдайлым», Байназарова Ж «Әдеміау», Жетпісов Е «Қайдасың, Қалқажан» әндерін  күміс көмей әншінің әндерін тамаша  орындаса,  «Асыл мұра  » үйірмесінің оқушылары: Р.Тұрсынбай, Н.Нұрақын, А. Абдразақ, А.Амангелді, Т.Заңғар, С.Жұмажанова, Қ.Сатыбалдиева, Роза апаймызға арнау өлеңдерін нақышына келтіре мәнерлеп  оқыды, ал  «Тұмарханым » би ансамблінің  бишілер тобы М. Сыздықовтың , Роза апайға арнаған  «Сыр қызы » әнінің  музыкасына қойылған биді тарту етіп,  кеш қонақтарының  көңілін шарықтатты.
    Кеш соңында    құрметті қонақтарымыз гимназия ұжымы мен оқушыларға  ыстық ықыласпен   өздерінің  жүрек жарды бата-тілектерін жолдап, ризашылығын білдірсе, гимназия басшысы 
А. М. Ақсерікова  мен Қазақстан  Республикасына еңбек сіңірген өнер қайраткері Есетова Г келген қонақтарға сый сияпатын білдіріп, бүгінгі кеш  өскелең ұрпағымыз үшін өнеге -тағлым алатын  ұрпақтар сабақтастығы жалғасының  айқын көрінісі болып қала бермек.




 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: