Алматы қаласы Білім басқармасының
"Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 2721268
Есепші бөлімі:
+7(727) 2721268
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » « Тәуелсіз Қазақстан : ұлттық мүдде, шығармашыл тұлға , саналы ұрпақ »
15
желтоқсан
2023

« Тәуелсіз Қазақстан : ұлттық мүдде, шығармашыл тұлға , саналы ұрпақ »

15.12.2023ж. Б.Атыханұлы   атындағы №36 гимназияда 
 Тәуелсіздігіміздің 32 жылдығына арналған  « Тәуелсіз  Қазақстан : ұлттық мүдде, шығармашыл тұлға , саналы  ұрпақ » тақырыбында мерекелік кеш өткізілді. 
     Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойығы  арманы еді. 
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.
      Мерекелік кештің бірінші бөлімі « Біртұтас тәрбие » бағдарламасын  жүзеге асыру аясында  Алмалы ауданы мектептерінің   директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары  және  сынып жетекшілерімен  тренинг өткізілді. Тренинг барысында  бірқатар тренд әдіс - тәсілдер қолданылып, QR  код  арқылы  пазыл әдісі  арқылы  « Біртұтас  тәрбие » бағдарламасының  мақсаты мен міндеттерін  анықтап, құрастырды.
Мерекелік кешіміздің  екінші бөлімінде  келген қонақтар оқушылардың шығармашылығы мен өнерін тамашалады.  Мереке гимназия директоры  Аксерикова Ақмарал Мағжанқызының   мерекелік құттықтау сөзімен басталды. Мерекелік кешке «Алматы ақшамы» газетінің тілшісі Рая Ескендір және Алматы телеканалының қызметкерлері қатыстырылды.
    Кеш барысында  гимназияның   « Ақжелен » оркестрінің сүйемелдеуімен   халық күйі  «Тепеңкөк »  төгілте орындап ,   1 «Ә»  сынып оқушысы Мурначева Лия «Отаным» әнін,  11 « Б»  сынып оқуысы Әбетей Фатиманы Республикалық, қалалық ән және көркемсөз байқауларының лауреаты  «  Туған жер»,  Қазақ тілі пінінің мұғалімі Жетпісов Еділ  «Қазақстан »,    8- сынып оқушылары  «Халқым ай» ,әнін Нурсадық Аделя ,  Абдразақ Ансар « Мен қазақтың ұлымын !»,  бірқатар  қалалық , республикалық  байқаулардың жеңімпазы 2 -сынып оқушысы Кенжебек Абдрахман « Өз елім » , Қазақ тілі пінінің мұғалімі Алтынбек Жалын   «Жаса қазағым», музыка пәнінің мұғалімі  Өртқали Съезбек «Қазақстаным менің»   орындауларында әндері  шырқалса, Республикалық Оралхан Бөкей оқуларының жүлдегері 6 -сынып оқушысы Нұрақын Нурали , « Бес тиын » атты  прозасын нақышына келтіре орындап,  гимназияның «Асыл мұра» көркемсөз үйірмесінің оқушылары Тәуелсіздікке арналған жыр жолдарын  арнады.
    Сондай-ақ, , Халықаралық,  республикалық, қалалық өнер байқауларының  бірнеше дүркін жеңімпазы «ТҰМАРХАНЫМ» ансамблінің  бишілер тобының орындауында қазақ биі « Еркесылқым »,  «Биші лақтар »,  «Өзбек нақыштары »  биімен  көрермендеріне тамаша көңіл күй сыйлады. 
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік-Мемлекетіміздің алтын діңгегі, дербестігіміздің берік негізі»-деген еді. Дарынды жастарға рух беріп, жаңа белестерге қанат қақтырған- Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын, демекпіз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: