Алматы қаласы Білім басқармасының
"Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 248-41-92
Оқу бөлімі:
+7(727) 248-36-61
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
қазан
2023

Ұстаздар күні

5.10.2023ж. Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназияда дублер күні өтті. Осы күні мектеп парламент мүшелері мен 10-11 сынып оқушылары барлық сабақтарда мұғалімдерді алмастырды. Бұл жауапты іс-шараға белсене қатысқан оқушыларымыз сабақ кестесі бойынша, пән мұғалімдерімен әр сабақ жоспарын жазып, дайындықты күшейтті. Мереке күні оқушыларымыз ұйымшылдықпен ұстаздарына ерекше көңіл күй сыйлады. Дублер күнді сәтті өткізген оқушыларымыз нағыз мұғалім болу мен қызықты, тартымды сабақ жүргізудің маңыздылығы мен жауапкершілігіне баса назар аударды. Атап айтсақ, бұл күні гимназия директоры : 11«Ә» сынып оқушысы Оразбаева Құралай Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары : 11«А » сынып оқушылары Бірлік Назым, 11 «Ә» сынып оқушысы Бекежан Алтынай; 11«Ә» Мәлік Мерей Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары : 11 «Б» сынып оқушысы Ербосын Ерасыл ,11 «А» сынып оқушысы Аскер Аяулым, Күн қорытындысы бойынша дублер болған оқушылармен жиналыс өткізіліп, әрқайсысы өз атқарған жұмыстарының қызықты тұстары мен туындаған қиындықтарымен бөлісіп, пікірлерін ортаға салды. Ұстаз өмірінің бір ғана сәтімен жақын танысып, қызығы мен қиындығы қатар жүретін өте жауапты кәсіпті меңгеру үшін білімді болу, үлкен жүректілік, балаға деген сүйіспеншілік, еңбекқорлық маңызды екеніне көз жеткізді. Ұстаздарымызға арналған арнайы мерекелік концерт қойылып, өлең оқылып, ұстаздарға арналған әндер шырқалды. гимназия директоры Ақсерікова А.М жас мамандар мен еңбек өтілі жоғары бірнеше ұстаздарды марапаттап мерекелік көңіл күй сыйлады #дублер #ұстаздар

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: