Алматы қаласы Білім басқармасының
"Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 2721268
Есепші бөлімі:
+7(727) 2721268
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Балалар қауіпсіздігі және ата - аналар міндеттері »
27
қыркүйек
2023

«Балалар қауіпсіздігі және ата - аналар міндеттері »

27.09.2023ж. Б.Атыханқұлы атындағы №36 гимназияда  «Балалар қауіпсіздігі  және ата - аналар міндеттері »тақырыбында  жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
        Ата-аналар жиналысында гимназия директоры А.М.Ақсерікова жаңа оқу жылының өзгерістері мен ерекшеліктері, нұсқаулары туралы таныстырды. Жаңа мазмұнда білім беру  туралы жан-жақты тоқталып, келесі мәселе, « Балалар қауіпсіздігі  және ата - аналар міндеттері »  туралы айтып, оларға қойылатын талаптарды слайдтар арқылы  көрсетіп, таныстырды. Сондай-ақ, оқушылардың  мектептегі және жолдағы өмір қауіпсіздігіне  ерекше  тоқталып бірқатар мысалдар келтірді. Оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтауды күшейту туралы ескере келіп, 1-4 сынып оқушыларының  мектепке келу-кетуі  бөгде, туыс адамдар емес, ата-анадан мұғалімге, мұғалімнен ата-ана қолына  тапсырылады. Құқықбұзушылықтың алдын алуда  буллинг және мектепке әкелуге тыйыс салынған заттар туралы таныстырылды.
       Соныя мен қатар мектеп формасын , ішкі тәртіп  ережесін сақтау және ата-аналардан қаражат жинауға тыйым салу  туралы бұйрықпен таныстырылды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: