Алматы қаласы Білім басқармасының
"Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 2721268
Есепші бөлімі:
+7(727) 2721268
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұстаздар, мерекелеріңізбен!
05
қазан
2023

Ұстаздар, мерекелеріңізбен!
























Ұстаздар, мерекелеріңізбен! Мұғалімдер күнінің тағайындалуына 1966 жылдың 5 қазанында Парижде өткен мұғалімдердің мәртебесі туралы Арнайы үкіметаралық конференция тарихи негіз салды. Нәтижесінде ЮНЕСКО мен Халықаралық еңбек ұйымының өкілдері «Мұғалімдердің мәртебесіне қатысты ұсыныстар» құжатына қол қойылған. 1994 жылдың 5 қазаны күні Дүниежүзілік мұғалімдер күні алғаш рет атап өтілді. Содан бері мерекелік іс-шаралар өзгеріссіз осы күні тойланады. Дегенмен, жекелеген елдер мерекені 5 қазанға жақын күндері атап өтеді. Осы айтулы Ұстаздар күнінде Мемлекетіміздің басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұстаздар қауымын төл мерекелерімен құттықтады. Президент Республикалық педагогтер съезінде «Баршаңызды Республикалық педагогтер съезінің ашылуымен құттықтаймын. Ұстаздар күні құтты болсын! Бүгін, шын мәнінде, өте маңызды жиын. Себебі ұстаз – ең алдымен, қадірлі маман. Ал, ұстаз болу – қастерлі міндет. Бүгінде еліміздің болашағы жарқын болып, дамыған мемлекетке айналуы үшін мұғалімдер қауымы аянбай еңбек етіп жүр. Жалпы, кім-кімнің де жақсы адам, мықты маман болуы ұстазына байланысты. Ахмет Байтұрсынұлы «Біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастауымыз керек» деген. Ұлт ұстазының бұл сөзі қашанда орынды. Білім мен ғылым – табысқа жетудің ең басты кілті. Өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие және озық білім беру – өте маңызды міндет», – деді президент. Мемлекет басшысының өзі ұстаздарға зор құрмет пен сенім артып отырғаны алдағы жұмыс күндерімізге жауапкершілікті одан ары күшейтеді. Ұстаздар күні құтты болсын!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: