Алматы қаласы Білім басқармасының
"Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 248-41-92
Оқу бөлімі:
+7(727) 248-36-61
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Заманауи білім берудегі оқушы шығармашылығын қалыптастыру және дамыту жолдары" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
26
наурыз
2025

"Заманауи білім берудегі оқушы шығармашылығын қалыптастыру және дамыту жолдары" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2025 жылдың 26-27 наурызында Алматы қаласында «Б. Атыханұлы атындағы №36 гимназия» КММ ұйымдастыруымен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. «Заманауи білім берудегі оқушы шығармашылығын қалыптастыру және дамыту жолдары» тақырыбындағы бұл конференция «Алматы қаласы мектептері» жобасы аясында өткізілді. Конференцияға еліміздің барлық өңірлерінен, сондай-ақ Өзбекстан мен Украинадан қатысушылар онлайн және офлайн форматта жиналды. Шетелдік қонақтар Zoom платформасы арқылы қосылды.  Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Саудабаева Гульмира Сауытжановна және   Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің Философия ғылымдарының докторы ((PhD)  Шашаева  Гүлбақыт  
Қадыржанқызы қатысты  Конференцияның  ашылуында «Б. Атыханұлы атындағы №36 гимназия» КММ директоры Аксерикова Ақмарал Мағжанқызы сөз сөйлеп, конференцияның маңыздылығын атап өтті. Ол бұл іс-шараның білім беру саласында жаңа әдіс-тәсілдер мен шығармашылықты дамыту жолдарын талқылауға мүмкіндік беретін ерекше алаң екенін айтты. Сонымен қатар, ол халықаралық деңгейде білім беру жүйелерінің өзара тәжірибе алмасуының маңыздылығын тілге тиек етті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: