Алматы қаласы Білім басқармасының
"Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 2721268
Есепші бөлімі:
+7(727) 2721268
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Сабақта қалай дамыту және бағалау керек»
23
қараша
2023

"Сабақта қалай дамыту және бағалау керек»

ХХІ ғасыр дағдылары: сабақта қалай дамыту және бағалау керек» тақырыбында семинар семинар өттті. 2023 жылыдың 22 қарашасында «Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия» КММ-де Жаратылыстану пәндерінің онкүндігі аясында директордың бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары Г.Н. Нақысбекова және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Г.С. Толекова., О.Ж. Оспанбаеваның ұйымдастыруымен ”ХХІ ғасыр дағдылары: сабақта қалай дамыту және бағалау керек” тақырыбында семинар ұйымдастырып, «Дидактикалық материалдар көрмесін» өткізілді. Семинарға Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институтының «Биология» кафедрасының әдіскерлері Г.А. Абдикаримова., Г.С. Камиева және 4-курс «6В01513-Биология» мамандығы білім алушылары шақырылды. Семинар барысында қазіргі заманауи әдістер мен платформаларды пайдаланып сабақ өтуге теориялық және практикалық дайындалған материалдар қамтылып, гимназия мұғалімдерімен ойларын бөлісті. Семинар соңында Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.О.Оспанбаева әдіскерлер мен білім алушыларға алғысын білдірді. «Дидактикалық материалдар» көрмесінің де маңыздылығын атап өтті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: