"Таза Қазақстан"
Бүгін гимназияда " Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы жалғасын табуда. Гимназия аумағында санитарлық тазалау , абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Мектеп оқушыларының ата-аналары " Отбасылық ағаш егу " атты акциясына белсене қатысып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізуге атсалысуда. Ағаш көшеттерін, туя ағаштарын отырғызып мектебіміздің гүлденуіне өз үлестерін қосуда. #Алматыбіздіңортақүйіміз #ҚалабіреуХалықтіреу #Алматынашобщийдом #НасМногоГородОдин. #біртұтас_тәрбие