"Менің отбасым"
Б.Атыханұлы атындағы N36 гимназия мектебінің 1 "В" сыныбында "Менің отбасым" тақырыбында тәрбие сағаты өтті.Мақсаты: оқушыларға отбасы туралы түсінік беру, отбасы мүшелерін сыйлай білуге тәрбиелеу. Оқушылар отбасы мүшелерінің және өздерінің атқаратын қызметі туралы әңгімеледі. Отбасы-сыйластық ортасы екенін түсіне білді. Сонымен қатар, отбасы туралы видеороликтер көрді. Әр адамның отбасындағы тұлға екендігін түсінді. Сынып жетекші Г.Б.Садуакасова