Алматы қаласы Білім басқармасының
"Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 248-41-92
Оқу бөлімі:
+7(727) 248-36-61
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
EdCrunch X
15
қараша
2023
EdCrunch X
Алматы қаласында Халықаралық EdCrunch X форумы өтті 17000 көрермен қатысқан форумға №36 гимназияның басшысы А.А. Мағжанқызы  және ұстаздары да қатысты гимназимыздың мақтанышы 9 "А" сынып оқушысы Максимов Мирас  да форумда спикер ретінде "Болашақ" командасында өз пікірімен бөлісті "Мотиватор" командасында министр МОН РК Саясат Нұрбек оқушымызға “Мирас-өсетін бала” деп баға берді. 
"Алматы дарыны"
15
қараша
2023
"Алматы дарыны"
"Алматы дарыны" дарынды балалар  мен талантты  жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы  гимназиямыздың  9"А" сынып  оқушысы  Максимов  Мирасты "Алматы дарыны" орталығының Амбассадоры төсбелгісімен  марапаттады. Дарынды  Мирас оқушымызды  шын жүректен құттықтаймыз!!!!
Qalan математикалық олимпиадасы
06
қараша
2023
Qalan математикалық олимпиадасы
Гимназиямыздың мақтанышы Есбол Аружан Qalan математикалық олимпиадасының 1орын жүлдегері атанды. Құттықтаймыз !!
"Менің ұстазым"
18
қазан
2023
"Менің ұстазым"
"Менің ұстазым" байқауының эссе жазу номинациясы бойынша гимназиямыздың 11сынып оқушысы Желеу Айсұлу III дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Жетпісов Е.Ж
«Үздік педагог»
03
қазан
2023
«Үздік педагог»
Биылғы 2023 жылғы шілде-тамыз айларында Алмалы ауданы білім беру ұйымдарының арасында Республикалық «Үздік педагог» байқауының аудандық кезеңі  өткізілді. Гимназиямыздан орыс тілі пәнінің мұғалімі Тулебаева Салтанат Жаксылыковна   қатысып, І дәрежелі диплом иеленіп, қалалық кезеңге жолдама алды.  Әріптесімізге толағай табыстар тілейміз!  
"Тіл-татулық  тірегі" атты  мерекелік кеш
08
қыркүйек
2023
"Тіл-татулық тірегі" атты мерекелік кеш
Б.Атыханұлы атындағы 36 гимназияда Тілдер мерекесі қарсаңында, "Тіл-татулық  тірегі" атты  мерекелік кеш өтті. Мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру,тіл мәртебесін көтеру,  таза сөйлеуге үйрету,өз ұлтына деген сүйіспеншілігін ояту.Ана тіліміздің  тұғырының мықты болуы үшін. Тәуелсіз елімізде өмір сүріп жатқан түрлі ұлт өкілдері арасында достық пен бірлікті нығайту, мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру,үш тілдік саясатын дамыту. Тілдер мерекесі барысында
"Алтын сақа"
29
мамыр
2023
"Алтын сақа"
Математика пәнінен 3-4 сыныптарға арналған "Алтын сақа" олимпиадасының қалалық кезеңінен II орын иеленген 3"Ә" сынып оқушысы Избасар Бексұлтан және III орын иленген 4 "Ә" сынып оқушысы Жакупов Бексұлтанды құттықтаймыз!!!
"Тұлға және отбасы" IX Халықаралық олимпиадасына
24
мамыр
2023
"Тұлға және отбасы" IX Халықаралық олимпиадасына
Белоруссияның Гомель қаласындағы Ф. Скорина атындағы Гомель мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен психология және педагогика негіздері бойынша "Тұлға және отбасы" IX Халықаралық олимпиадасына 10 сынып оқушылары Муканова Аружан, Әскер Аяулым, Сайфулла Мерей, Бірлік Назым қатысып, 3 кезең бойынша тапсырмаларын орындады. Халықаралық олимпиадаға қатысып, белсенділіктерін көрсеттіп, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Құтты болсын!