Алматы қаласы Білім басқармасының
"Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 2721268
Есепші бөлімі:
+7(727) 2721268
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Айжүз - гимназиямыздың мақтанышы
02
сәуір
2021

Айжүз - гимназиямыздың мақтанышы


       

































 Жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі бағдарламаға  Б. Атыханұлы атындағы №36 гимназияның 10   «Ә» сынып оқушысы  Зауренбекова  Айжүз қатысып қола медаль  иегері атанды. Айжүз  гимназиямыздың мақтанышы, бұлай дегенім, сабағын үздік оқығанымен қоса пән олимпиадаларының жеңімпазы. 

  Сондай-ақ мектеп өміріндегі қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысады. Айжүз, гимназиямыздағы  бірқатар   үйірмелерге қатысады. Атап айтсам,   «Тұмарханым би ансамблі» , «Асыл мұра » үйірмесінде көркесөз шебері ретінде  Қалалық, Республикалық, Халықаралық байқаулардың  бірнеше мәрте жеңімпазы атанды.

         Айжүз көпбалалы отбасында дәстүрлі  тәрбиеде өскен қыз.  Өн бойынан қазақтың қызына тән  қарапайымдылық, әдептілік, сабырлы көркем мінезімен,  өнерге , білімге деген құштарлығымен сыныптастарынан, қатарластарынан   ерешеленіп тұратын дарынды оқушы.

         Айжүз осы бағдарламаға қатысу арқылы, өз уақытын басқаруға ,  алдына   мақсат қоюға  және оларға жүйелі тұрғыда  қол жеткізуге   болатынын. Тынымсыз іздену мен еңбектену арқылы, үнемі өзін - өзі  дамытып , жетістікке жеткізгендігімен  бөлісті.

          Елбасы  медалінің иегерлері білім гранттарын тағайындау кезінде заңнамада белгіленген тәртіппен артықшылыққа ие болатындығын ескерсек, болашақты жоспарлау Айжүз үшін бүгіннен басталғанына көз жеткіземіз!

  « Елбасы  Медалі » жобасы аясында дарыны мен дағдысы шыңдалған шәкіртіміздің  болашақта  биік   асуыларды  бағындыратынына сеніміміз мол.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: