Алматы қаласы Білім басқармасының
"Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 2721268
Есепші бөлімі:
+7(727) 2721268
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
тамыз
2023

ХАТТАМА №1

ҚР Оқу-ағарту министрінің 15.08.2023 №259 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.08.2023 №343 бірлескен бұйрығына сүйене отырып, Алматы қаласы Білім басқармасы «Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің физика пәнінің мұғалімі бос лауазымына бос орынға конкурс жариялау қорытындысы туралы 

ХАТТАМА №1

Жоғарыда айтылған бұйрыққа сүйене отырып 2023 жылдың 31 тамызында ережеге сәйкес педагог лауазымы бойынша яғни физика пәнінің мұғалімі бос орнына конкурс жарияланды.

 Конкурсқа қатысуға қажетті өтінім «Enbek. kz» сайтында, Алматы қаласы Білім басқармасы Алмалы ауданы «Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми сайтында конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жарияланғаннан бастап 7 күнтізбелік күнде жүзеге асырылды.

Конкурсқа Enbek.kz платформасы бойынша 66 мұғалім резюмелерін жіберген, құжаттарын 6 мұғалім тапсырды. Конкурс қағидаларының 154 тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылғандықтан 43 кандидатқа құжаттарының толық болмауына байланысты өтінімдері қайтарылды.

Конкурстың екінші әңгімелесу кезеңіне  физика пәні бойынша 3 мұғалім: Сайлыбай Айгүл Нәліханқызы, Қаматай Жазира Ерланқызы, Сейсенбек Риза Маратқызы. 

Конкурстың екінші кезеңін өткізу үшін арнайы мектепішілік комиссия құрылды. Комиссия құрамына мектеп басшысы, директордың орынбасарлары мен пән мұғалімдерінен кірді.

Аксерікова А.М. -   гимназия директоры

Серкешпаев С.Қ. -   директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, ағылшын тілі мұғалімі.

Оспанбаева Ж.О. -   директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, 

Нақысбекова Г.Н. -   директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары, математика пәні мұғалімі.

Тантаева Қ.С. - бастауыш пәні мұғалімі, кәсіподақ төрайымы.

Жоғарыда аталған комиссия мүшелері конкурсқа түскен мұғалімдермен әңгімелесе келе өз шешімдерін шығарып, төмендегі ұстаздарды жұмысқа қабылдау туралы шешімдерін шығарды.

  1. Сейсенбек Риза Маратқызы  – физика пәнінің мұғалімі.


               Конкурс барысы бейнежазбаға жазылып, сақталды. 


Хатшы: Толекова Г.С.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: